- Басты
- Жаңалықтар
- Биыл «Жас ұлан» мектебін 75 тәрбиеленуші бітіреді (ФОТО)
Биыл «Жас ұлан» мектебін 75 тәрбиеленуші бітіреді (ФОТО)
Оқуды бітіруші ұландықтардың алдында екі маңызды міндет тұр. Бұл – бірыңғай ұлттық тест тапсыру және мамандық таңдау. Мектепте оқушылардың ҰБТ-ға даярлық деңгейі айына 3-4 рет тексеріліп, сынақ тестілеу тапсырады.
Сонымен бірге бітірушілер арасында мамандыққа бағыттау жұмыстары жүргізілуде. Статистика бойынша «Жас ұлан» түлектерінің шамамен 90-95% әскери маман болуды таңдайды. Әскери тәртіп, дене және жауынгерлік даярлық, сап түзеу, тәртіптілік және жинақылық – барлығы ұландықтарды азаматтық мектеп оқушыларынан ерекшелігін көрсетіп қана қоймай, әскери оқу орнына түсуге септігін тигізеді.
Өз өмірлерін әскери қызметпен байланыстырғысы келетін балалар «Жас ұлан» мектебінде тәлім-тәрбие алады. Қазір аталған мектепте 449 ұлан білім алуда. Өткен жылы мектепті 67 ұлан бітіріп шықты. Бүгінде олар Құрлық әскерлерінің әскери институтында, екі мәрте Кеңес Одағының батыры Талғат Бегелдинов атындағы Әуе қорғанысы күштерінің әскери институтында, Радиоэлектроника және байланыс әскери институтында, ҚР ҰҚК, ТЖМ және ІІМ жоғарғы оқу орындарында, сондай-ақ Ресей, Белорусь және Қытай елдерінің Қорғаныс министрілігіне қарасты жоғарғы әскери оқу орындарында білім алуда.
-
Биыл қанша ауыл ауыз суға қол жеткізеді -
Италияда пандемияның төртінші толқыны басталды, ЕО Украинаны «жасыл тізімнен» шығарды -
Биыл магистратураға түсу үшін құжаттарды қабылдау қашан басталады -
«Жасыл Қазақстан»: Ауа сапасын жақсарту, биоалуантүрлілікті сақтау және экомәдениетті қалыптастыру -
30 қазақстандық компания «Жасыл кеңсе» конкурсының жеңімпазы атанды -
Ж.Жабаевтың 175 жылдығы аясында жарық көрген 10 томдық жинақтың тұсауы кесілді -
Биыл «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 397 мыңнан астам адам қатысты -
Электр энергиясы мен газ: Биыл тариф қалай қалыптасады -
Президент тапсырмасы: «Жас ғалым» жобасы аясында 1000 грант бөлінді -
Қоршаған ортаны қорғау: Заңдағы өзгерістер, «Жасыл Қазақстан» ұлттық жобасының іске асырылуы -
Биыл «Мерейлі отбасы» байқауы мен «Дарын» жастар сыйығын беру қалай ұйымдастырылады -
Жұмыспен қамту шаралары: «Еңбек» және «Жастар тәжірибесі» бағдарламасы қалай іске асып жатыр -
Биыл «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 158 мыңға жуық адам қатысты -
Биыл түлектер ҰБТ-ны қалай тапсырады -
Жамбыл Жабаевтың 175 жылдық мерейтойы басталды