- Басты
- Жаңалықтар
- Қ.Жақыпов пен А. Буткявичус Қазақстан-Литва ынтымақтастығын талқылады
Қ.Жақыпов пен А. Буткявичус Қазақстан-Литва ынтымақтастығын талқылады
Мәжілістің баспасөз қызметі хабарлағандай, тараптардың пікірінше, Қазақстан мен Литва бір-біріне Орталық Азиядағы маңызды саяси және экономикалық әріптес болып табылады. Екі ел арасындағы тауар айналымы 2014 жылы 430 млн АҚШ долларын құраған.
Мәжіліс Спикерінің сөзінше, Қазақстан Президентінің «Нұрлы жол» жаңа экономикалық саясаты, ҮИИДБ, сондай-ақ, қолайлы инвестициялық климат өзара іс-қимылды күшейтуге жаңа мүмкіндіктер ашады.
Литва премьер-министрі Алгирдас Буткявичус Қазақстан халқын қазақ мемлекеттілігінің 550 жылдығы, Конституцияның және Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығы сынды айтулы даталармен құттықтай келіп, ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесіне назар аударып, Литваның көрме тақырыбына қатысты қызығушылығын білдірді.
Ал, парламентаралық қарым-қатынас жайын сөз еткенде, Қабиболла Жақыпов пен Алгирдас Буткявичус Мәжіліс пен Сейм арасындағы ынтымақтастық жөніндегі топтар жұмысына тоқталды. Кездесу иелерінің айтуынша, парламентаралық өзара іс-қимыл – екі ел әріптестігінің маңызды құрамдас бөлігі.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады