• Басты
  • Жаңалықтар
  • ҚР-да қайта өңдеу саласында жалпы сомасы 44 млрд теңгені құрайтын 37 жоба мақұлданды-ҚДБ

ҚР-да қайта өңдеу саласында жалпы сомасы 44 млрд теңгені құрайтын 37 жоба мақұлданды-ҚДБ

19 Мамыр, 2015 18:02
Қазақстанда қайта өңдеу саласында жалпы сомасы 44 млрд теңгеге 37 жоба мақұлданды, деп мәлімдеді Қазақстан Даму банкі Басқарма төрағасы Болат Жәмішев.

« «Нұрлы жол» бағдарламасын жүзеге асыру жолында ҚДБ негізгі оператор болып табылады, ол ірі инвестициялық жобаларды қаржыланжыруға байланысты. Осы мақсатта Ұлттық қордан 170 млрд теңге бөлінді, оның ішінде 100 млрд теңге  қайта өңдеу саласындағы жобаларды несиелеуге, 70 млрд теңге  нақты өндіріс ошақтарына қолдау көрсетуге (автомобиль, тікұшатар, жолаушылар вагоны және т.б.) бағытталады», - деп атап өтті  Б.Жәмішев.

ҚДБ басшысының айтуынша, Ұлттық қордан бірінші және екінші транш аясында қайта өңдеу саласына қолдау көрсету мақсатында бөлінген 100 млрд теңге игеріле бастады. Жалпы, бүгінде жапы сомасы 44 млрд теңгеге 37 жоба мақұлданды.

«Бірінші транш аясында 50 млрд теңгеге қайта өңдеу саласының 23 бағыты бойынша ірі жобалар жүзеге асырылуда. Қомақты қаржының игерілуіне келетін болсақ, бірінші транш бойынша жалпы сомасы 28,5 млрд теңгеге 22 жоба мақұлданды. Олар екінші деңгейдегі банктермен мақұлданған. Екінші траншқа келетін болсақ, 50 млрд теңгенің жартысын жаңа жобаларға, төрттен бір бөлігін қайта өңдеу саласындағы жобаларды қайта қаржыландыруға бағыттау көзделген. Жалпы, бүгінгі таңда банктер жалпы сомасы 16,1 млрд теңгеге 15 жобаны мақұлданды», - деді ол.

Анар Тәңірқұлова

 

Барлық жаңалықтар