Қазақстан Қарулы Күштері ең үздік сержантты таңдады

13 Қазан, 2013 11:10
«Отар» 40-әскери базасында Қазақстан Қарулы Күштерінің үздік сержанты атағына бесінші кезекті байқау аяқталды. Оған Қарулы Күштер түрлерінің, әскер тектерінің, өңірлік қолбасшылықтардың, арнайы әскерлердің, әскери оқу орындарының үздік сержанттары қатысты, деп Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Байқау қорытындысы бойынша «Қарулы Күштер түрінің, әскер тектері мен өңірлік қолбасшылықтардың үздік сержанты» номинациясында штаб-сержант Ринат Сүйіндіков үздік деп танылды», - деп ведомство хабарламасында нақтыланған.

«Үздік бригада сержанты» номинациясында 32363 әскери бөлімінің сержанты 2 сыныпты сержант Дәулет Есбердинов жеңіп шықты. 61993 әскери бөлімінің әскери қызметшісі 2 сыныпты сержант Дәурен Мырзабаев «Үздік батальон сержанты» атағына ие болды.

«Үздік рота сержанты» номинациясындағы бас жүлде 18404 әскери бөлімінің өкілі 3 сыныпты сержант Александр Пономаренкоға бұйырды. Осы әскери бөлімнің әскери қызметшісі кіші сержант Қанат Құрманов «Үздік взвод сержанты деп танылса, «Үздік бөлімше сержанты» атағын 28079 бөлімше командирі кіші сержант Жалғас Абдуаипов жеңіп алды.

Барлық жаңалықтар