• Басты
  • Жаңалықтар
  • Г.Әбдіхалықова: ҚР Конституциясымен кепілдендірілген құқық пен адам еркіндігі мемлекеттік саясаттың басымдылығы

Г.Әбдіхалықова: ҚР Конституциясымен кепілдендірілген құқық пен адам еркіндігі мемлекеттік саясаттың басымдылығы

19 Мамыр, 2015 16:21
ҚР Конституциясымен кепілдендірілген құқық пен адам еркіндігі Қазақстан саясатының басымдылығы, деп хабарлады ҚР мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіхалықова ҚР Президенті жанындағы Адам құқығы бойынша комиссияның «ҚР-дағы адам саудасымен күресу саласындағы адам құқығын қорғаудағы маңызды проблемалар» баяндамасының халықаралық таныстырылымы барысында.

«Аталмыш шара жыл сайын өткізіледі, алайда бүгінгі тақырып салмақтырақ. Бүгінгі тақырып адам саудасын алдын алу жолдарын анықтауға арналған, сонымен қатар баяндамада адам саудасымен күресу механизмдері де атап көрсетілген. Құжатта адам саудасы туралы ескертулер, адам құқығын қорғау нормалары көрсетілген. Қазақстанда адам құқығын қорғау бойынша қыруар шаруа атқарылды, адам құқығы  қазақ халқының басты құндылығы», - деді. Г.Әбдіхалықова.

ҚР мемлекеттік хатшысы атап өткендей, ҚР Конституциясымен кепілдендірілген құқықтар мен  адам еркіндігі мемлекеттік саясаттың басымдылығы. 

 «Тәуелсіздік жылдары Қазақстан адам құқығына байланысты 60-тан астам халықаралық құжаттарды ратификациялады. Көне заманнан бері қолданып келе жатқан құқықтық нормалар, «Жеті жарғы», ҚР Конституциясы. Аталмыш нормативті-құқықтық актілер елімізді басқарудағы үлкен тенденцияларды қалыптастырды», - деп атап өтті Г.Әбдіхалықова.

Ботагөз Айтжанова

Барлық жаңалықтар