• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қазақстан Литваның көлік инфрақұрылымына ЕО-дағы транзитті аумақ ретінде қызығушылық танытып отыр - ҚР Премьер-Министрі

Қазақстан Литваның көлік инфрақұрылымына ЕО-дағы транзитті аумақ ретінде қызығушылық танытып отыр - ҚР Премьер-Министрі

19 Мамыр, 2015 15:47
Қазақстан Литваның көлік инфрақұрылымына Еуропалық Одақтағы транзиттік аумақ ретінде қызығушылық танытып отыр. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов Қазақстан-Литва бизнес форумы барысында хабарлады.

«Қазақстан үшін Литваның өзіне, көлік инфарқұрылымына, порттағы жұмыстарына инвестициялау, сонымен қатар Литва аумағында жаңа кәсіпорын ашу, содан соң оның өнімін Еуропалық одаққа экспорттау өте маңызды», - деді ҚР  Премьер-Министрі.

Сонымен қатар, К.Мәсімов  литвалық бизнесмендерді қазақстандық кәсіпорындаға инвестиция құюға шақырды.

«Бізде Қазақстанда жеңілдіктер мен мүмкіндіктер беретін арнайы заңнама  қабылданған. Мен, литвалық компаниялар Қазақстанға инвестициялауға және оның қарқынды дамып келе жатқан экономикасының беретін мүмкіндіктерін пайдалануға қызығушылық танытады деп үміттенемін», - деп толықтырды ҚР Үкіметінің басшысы.

Естеріңізге сала кетейік, Астанада Қазақстан-Литва бизнес форумы өтуде, шараға  Қазақстан мен Литва мемлекеттік басқару, кәсіпорындар мен ұйымдар, институттар мен бизнес-ұйымдардың  200 өкілі қатысуда.

Индира Кауметова

Барлық жаңалықтар