- Басты
- Жаңалықтар
- KAZNEX INVEST литвалық кәсіпкерлермен 7 миллион доллардың меморандумына қол қойды
KAZNEX INVEST литвалық кәсіпкерлермен 7 миллион доллардың меморандумына қол қойды
«Меморандумдардың құны логистика саласы бойынша 5 миллион долларды, агросектор бойынша 2 миллион долларды құрайды. Литвалық кәсіпкерлер логистикалық орталық пен жылыжайларды дамытуды көздеп отыр, яғни келісім 7 миллион долларға жасалды. Компаниялар осы мүмкіндікті жан-жақты қарастырып, әріптестерді тауып, одан кейін келісім-шарт жасауға кіріседі»,-деді «KAZNEX INVEST» АҚ төрағасының орынбасары Әсел Ерғазиева.
«Біз Қазақстанның логистикасына бірінші кезеңде 5 миллион доллар салуға дайынбыз. Ал жылыжайға келетін болсақ, бұл бағытта Алматы өңірін қарастырып отырмыз. Біз қазақстандық нарықпен 10 жылдан астам уақыт бойы жұмыс істеп келеміз»,-деді «Baltic Logistics Group» ЖАҚ Бас менеджері Йонас Кондратас.
Айта кететін мәселе 2005-2014 жылдар аралығында Литвадан келген тікелей инвестициялардың жалпы көлемі 9,5 миллион АҚШ долларын құрады. Осы уақыт аралығында Қазақстаннан Литваға жөнелтілген тікелей инвестициялардың жалпы көлемі 9,9 миллион АҚШ долларын құраған.
Естеріңізге сала кетейік, бүгін Астанада қазақстандық-литвалық бизнес форум өтіп жатыр. Форумға екі мемлекеттің кәсіпорындары мен ұйымдарынан, даму институттары мен бизнес бірлестіктерінен және мемлекеттік органдарынан 200-ден астам адам қатысуда
Индира Кауметова
-
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
Қай қалалардың әуежайында цифрлы жеке куәлікті қолдануға болады -
Биыл қанша ауыл ауыз суға қол жеткізеді -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар -
17 миллионнан аса адам санақ сауалдарына жауап берді -
Пациентті қолдау қызметі қалай жұмыс істейді -
Экспортты қолдау және электронды сауданы дамыту шаралары -
Орта Азия елдеріндегі көміртегі бейтараптығына қол жеткізу бойынша бірлескен іс-шаралар -
Қарттар күні: Зейнеткерлерді әлеуметтік қолдау шаралары -
Отандық өнеркәсіп салаларының дамуы және мемлекеттік қолдау шаралары -
Маңғыстауға Қостанай облысынан 32 миллион теңгеге тегін мал азығы әкелінеді -
Шағын және орта бизнесті мемлекеттік қолдау шаралары -
Маңғыстау мен Қызылорда облыстарында құрғақшылыққа байланысты қолға алынған шаралар -
Шағын және орта бизнесті қолдау шаралары -
Елімізде ана мен балаға қандай әлеуметтiк қолдау көpсетiледi