- Басты
- Жаңалықтар
- СҚО-да мектеп бітірушілердің мамандық таңдауларына көмек көрсетілуде
СҚО-да мектеп бітірушілердің мамандық таңдауларына көмек көрсетілуде
Мектеп оқушыларының тестілеу шарасы Петропавл қаласының гуманитарлық-техникалық колледжінің базасында құрылған кәсіби бейімделу орталығында өтті. Шараның мақсаты – үміткерлерге өз кәсіптерін таңдауға көмектесу.
«Орталық мамандары тесттер мен әдістерді таңдап, оның нәтижелерін саралайды және сол арқылы үміткерлердің қай салада көбірек жетістікке жетуі мүмкіндігін анықтайды. Егер тестілеу нәтижесінде үміткердің өзінің бағытын дұрыс таңдағаны анықталатын болса, өзге әдістер арқылы оның өзінің мамандығын қаншалықты дұрыс таңдағандығын, ол кәсіптің оған қаншалықты ыңғайлы болатындығын, таңдаған мамандығы бойынша білім алуға оның қабілеті жетеді ма деген сияқты мәселелерді білуге болады»,-деді КП сарапшысы Ирина Торопова.
Кәсіпкерлер палатасы өкілдерінің айтуларынша, кәсіби бейімделу жұмыстарының аясында қаланың білім беру саласының, тұрғындарды жұмыспен қамту орталықтарының өкілдерімен кездесулер ұйымдастырылып, оның барысында жастар жұмысқа тұру үшін қандай талаптар қойылатындығы, жұмысқа орналасу барысында қандай кәсіптерге ерекше сұраныс болып отырғандығы жөніндегі мәселелер бойынша кең ауқымды ақпараттар алады.
Кешенді тексеруге барлығы Петропавл қаласының 32 мектебі мен гимназия оқушылары қатысты.
-
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
Әскердегі сарбаздар қандай мамандықтарды меңгереді -
ІІМ: Мемлекеттік қызметтер мен жол қозғалысын цифрландыру және мектептердегі қауіпсіздік шаралары -
«Білімді ұлт»: Балаларды мектепке дейінгі тәрбие және біліммен қамту мәселелері -
Қазақстанда мүгедектігі бар адамдар қандай әлеуметтік көмек алады -
Сотталғандарға қандай медициналық көмек көрсетіледі -
ДСМ: Дәрігерлер жалақысы, дәрі-дәрмекпен қамту және елдімекендердегі медкөмек мәселесі -
Қиын жағдайға тап болған көп балалы отбасыларға көмек беру жолдары қандай -
Алматыда мүмкіндігі шектеулі адамдарға қандай көмек көрсетіледі -
Алматыда мектептер мен балабақшалардың жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары -
Қазақстанда қандай мамандықтарға сұраныс жоғары -
Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі және МӘМС жүйесі -
Елорданың дамуы: Қолжетімді баспа мен мектеп құрылысы, тұрғын үй және газбен қамту мәселері -
БҒМ: Мектепке жұмысқа тұру тәртібі, тестілеуді электронды форматқа көшіру және дипломды цифрландыру -
Қазақстанның білім беру нысандары қалай күзетіледі