- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстанда көктемгі әскер қатарына шақыру науқаны аяқталуда
Қазақстанда көктемгі әскер қатарына шақыру науқаны аяқталуда
Қорғаныс министрлігінде хабарлағандай, 24 мамырға дейін елордада, сондай-ақ Ақмола, Оңтүстік Қазақстан, Павлодар, Қостанай және Қызылорда облыстарының орталықтарында әскерге жаңа шақырылғандарды салтанатты түрде шығарып салу рәсімдері өтеді.
Болашақ сарбаздарды Ұлы Отан соғысының ардагерлері, Ауған соғысына қатысушылар және жауынгер интернационалистер, жоғарғы және арнаулы орта оқу орындарының студенттері, әскери-патриоттық клубтар мен мектептердің тәрбиеленушілері шығарып салады.
Жастар үшін бұл толғанысқа толы жауапты сәт. Әскери антты қабылдағаннан кейін олар ресми түрде Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің қатарына кіреді. Бір жыл бойы оқ ату, саптық, дене, кәсіби даярлықтардан өтіп, қару-жарақ пен әскери техниканы меңгереді.
Естеріңізге сала кетсек, көктемгі әскерге шақыру науқаны сәуірде басталды. Мерзімді әскери қызметке шақыру аясында барлығы 15 мың жас әскерге шақырылатын болады. Ағымдағы жылы Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа әскерлері мен құралымдарының қатарын 30 мың әскерге шақырылушы толықтырады.
-
Әскердегі сарбаздар қандай мамандықтарды меңгереді -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Әскери-қорғаныс өнеркәсібінің даму перспективалары -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді -
Қазақстанда цифрлық трансформация көшбасшыларын даярлау жоспарлануда -
Қазақстанда дизель отынының бағасы неге күрт өсті -
Қазақстанда мүгедектігі бар адамдар қандай әлеуметтік көмек алады -
COVID-19: Қазақстанда 8 млн-ға жуық азамат вакцина салдырды -
Қазақстанда дизель отынының бағасы қанша -
Қазақстанда халықты емханаға тіркеу науқаны қашан басталады -
Қазақстанда журналистерге арналған бірегей сөздік таныстырылды