• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қазақстанда заң факультетіне судьяларды мамандандыруды енгізу ұсынылуда

Қазақстанда заң факультетіне судьяларды мамандандыруды енгізу ұсынылуда

19 Мамыр, 2015 13:07
Қазақстанда заң факультеттеріне болашақ судьялардың мамандығын енгізу ұсынылып отыр, деді ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Зағипа Балиева ОКҚ брифингінде.

«Жұмыс тобының бірінші отырысында біз реформалауды судьяларды іріктеуден бастауды жөн көрдік. Судьяны іріктеу үштігі судьяны дайындау мен тағайындау, тәуелсіздік пен жауапкершілікті қамтамасыз етуден құралады. Қазір бірінші кезеңде судьяны таңдауды талқылаудамыз», - деді З.Балиева.

Оның айтуынша, жұмыс тобында 4-5 курстарда  әділдік орнату бойынша  мамандандық ашу талқылануда.

«Судьяларды іріктеуде біліктілікті магистратурада 1 жыл оқу арқылы арттырған жөн. Осы орайда Мемлекеттік басқару академиясынан әділ сот институтын Жоғарғы сотқа беріп, магистрлерді дайындайтын сот академиясын құру қажет», - деді ол.

Сондай-ақ, сот органдарында жұмыс өтілін 5 жылдан кем емес уақытқа орнату жоспарлануда.

Ботагоз Айтжанова

Барлық жаңалықтар