- Басты
- Жаңалықтар
- 5,5 мыңнан астам ауыл тұрғыны әлеуметтік төлемдер тағайындау жөнінде кеңес алды – ҚР ДСӘДМ
5,5 мыңнан астам ауыл тұрғыны әлеуметтік төлемдер тағайындау жөнінде кеңес алды – ҚР ДСӘДМ
ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінен хабарлағандай, ауыл тұрғындарына мемлекеттік қызметтерді көрсету үшін аталған ұйымдардың 830 қызметкері жұмылдырылды. «Атқарылған жұмыс қорытындысында жүгінген 5571 азаматтың 3381-і түрлі әлеуметтік төлемдерді рәсімдеу бойынша кеңес алды, 1360 адамнан деректемелерді өзгерту жөнінде өтініштер қабылданды, 830 ауыл тұрғыны зейнетақы және жәрдемақы тағайындауға құжаттарын тапсырды», - делінген хабарламада.
Ағымдағы жылғы 16 наурыз бен 18 мамыр аралығында жұмылдыру топтары еліміздің барлық өңірлерінде 792 шалғай ауылдық округті қамтып, оларға 1284 рет, оның ішінде жоспардан тыс 12 рет барды.
Аталып өткендей, зейнетақы және жәрдемақы тағайындау жөніндегі барлық өтініштер бойынша электрондық іс макеттері жасақталып, өкілетті органның қарауына жіберілді. Ағымдағы жылғы 4 мамырдағы жағдай бойынша 787 өтініш берушіге зейнетақы және жәрдемақы тағайындалды. Зейнеткерлік куәліктер және хабарламалар азаматтарға жұмылдыру топтарының келесі сапарларында жеткізілетін болады.
Бұған дейін хабарланғандай, ағымдағы жылғы 12 наурызда «Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталық» РМҚК, «Қазпошта» АҚ және «Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК арасында Өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Аталған құжат «Әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік қызметтерді оңтайландыру және автоматтандыру мәселелері жөніндегі Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңын іске асыруға бағытталған.
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Жастар арасындағы суицид: Алдын алу шаралары -
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Билік пен қоғам диалогы: X Азаматтық форум басталды -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
Биыл қанша ауыл ауыз суға қол жеткізеді -
Халық санағы аяқталды: Нәтижесі қашан жарияланады