- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстан мен Ресей экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласында тәжірибе алмасуға мүдделі
Қазақстан мен Ресей экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласында тәжірибе алмасуға мүдделі
Қ. Жақыпов Ресей Қазақстанның стратегиялық әріптесі екенін сөз ете келіп, екі ел басшылары келісімдерінің арқасында ынтымақтастықтың жыл сайын қарқын алып келе жатқанын атап өтті.
Өз кезегінде Ю. Чиханчин екі ел әріптестегінің болашағы зор екенін, Қазақстан Президенті ұсынған 5 институционалды реформаның біздің еліміздің дамыған 30 елдің қатарына кіру жолындағы нақты қадамдардың бірі екенін атап өтті.
Қ. Жақыпов пен Ю. Чиханчин қос мемлекеттің экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелеріне айрықша көңіл бөліп, осы саладағы нормативтік-құқықтық базаны одан әрі жетілдірудің маңыздылығына тоқталды.
Мәжіліс Төрағасының атап өткеніндей, Қазақстанда 2009 жылдан «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қыржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» заң қолданысқа енгізілген.
Қазіргі уақытта Мәжілісте осы заңға түзетулер енгізуді көздейтін, сондай-мемлекеттік аудит пен қаржылық бақылауға қатысты заң жобаларымен жұмыс жалғасуда. Сондықтан, тараптар өзара тәжірибе алмасып, осы бағытта сапалы заң жобаларын дайындауға ерекше назар аударатын болады. Кездесуге сондай-ақ, Мәжіліс Төрағасының орынбасары Дариға Назарбаева, Қаржы және бюджет комитетінің төрайымы Гүлжан Қарағұсова қатысты.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды