• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қарағанды облысында 2013 жылдың сәуір айынан бастап балалар үйі түлектерін әлеуметтендіру бойынша пилоттық жобаны іске асыруда

Қарағанды облысында 2013 жылдың сәуір айынан бастап балалар үйі түлектерін әлеуметтендіру бойынша пилоттық жобаны іске асыруда

12 Қазан, 2013 10:00
Қарағанды облысында 2013 жылдың сәуір айынан бастап «Теміртау қаласындағы отбасы түріндегі «Айналайын» облыстық балалар үйі» ММ мен «Ата-ана қамқорынсыз қалған балалар мен жетім балаларға арналған пионерлік балалар үйі» КММ аясында балалар үйі түлектерін әлеуметтендіру бойынша «Тәрбиеленушілердің өмірлері мен мамандықтарын жоспарлау жетімдерге арналған білім беру ұйымы» пилоттық жобаны іске асыруда, деп хабарлайды облыстың балалар құқын қорғау Басқармасының баспасөз қызметі.

"Қарағанды облысында 2013 жылдың сәуір айынан бастап «Теміртау қаласындағы отбасы түріндегі «Айналайын» облыстық балалар үйі» ММ мен «Ата-ана қамқорынсыз қалған балалар мен жетім балаларға арналған пионерлік балалар үйі» КММ аясында балалар үйі түлектерін әлеуметтендіру бойынша «Тәрбиеленушілердің өмірлері мен мамандықтарын жоспарлау жетімдерге арналған білім беру ұйымы» пилоттық жобаны іске асыруда", - деп хабарламада нақтыланған. 

Хабарламада айтылғандай, жыл сайын Қарағанды облысы бойынша 200-ден астам бала балалар үйінен түлеп шығады. Соның барлығы дерлік оқу орындарына түседі.

Алайда оқуды аяқтағаннан кейін, мамандығы бойынша құжат алып көбі жұмысқа орналаса алмайды. Бұл дегеніңіз балалар үйінің түлектері өздерінің мамандықтары бойынша сырттай ғана мағлұматқа ие. Сонымен қатар, көбісінің өзін өзі жетілдіру мен жетістікке жетуге құштарлықтарының төмендігі.

 

 

 

 

 

Барлық жаңалықтар