- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған халықаралық конференцияға 200 ғалым қатысуда - ҚР БҒМ
Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған халықаралық конференцияға 200 ғалым қатысуда - ҚР БҒМ
Бұл шара Ұлт Көшбасшысы Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бастамасы негізінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойын дайындау және өткізу туралы» Қаулысы бойынша ұйымдастырылып отыр.
Конференцияға Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары Б. М. Сапарбаев, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі А. Б. Сәрінжіпов және Түркия, Иран, Корея, Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан, Қазақстан және т.б., елдерден 200-ден аса тарихшы, философ, теолог, филолог, шығыстанушы, этнографтар мен деректанушы, тарихнамашы ғалымдар, ғылыми-зерттеу институттары мен ғылыми-зерттеу орталықтарының қызметкерлері қатысады. Конференция жұмысы қазақ, түрік, орыс, ағылшын және бүгінгі түркі тілдерінде өтеді.
Ғалымдар жиыны ата-бабаларымыздың өнегелі жолын насихаттауға, жас ұрпақтың санасына ұлттық рухты сіңіруге, ұлттық тарихымызды қайта зерделеуде ғасырлар қойнауынан тамыр тартатын Қазақ мемлекеттілігінің қалыптасуы мен дамуындағы Түркістан қаласының және Қазақ хандығының атқарған рөлі мен оның тарихта алатын орнын ғылыми негізде тұжырымдауға негізделеді. Конференция материалдары ғылыми жинақ ретінде жарық көреді.
Елбасы Н.Назарбаев Қазақстан халқына арнаған: «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» жолдауында: «2015 жыл – ұлттық тарихымызды ұлықтау және бүгінгі биіктерімізді бағалау тұрғысынан мерейлі белестер жылы. Қазақ хандығының 550 жылдығын, Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Конституциямыздың 20 жылдығын, Ұлы Жеңістің 70 жылдығын атап өтеміз.
Осынау тарихи белестер Жаңа Қазақстандық Патриотизмді ұрпақ жадына сіңіруде айрықша рөлге ие. Біз 2015 жылды Қазақстан халқы Ассамблеясы жылы деп жарияладық. Елдің тұтастығы мен бірлігі, татулығы мен тыныштығы ең басты назарда. Ел бірлігі – біздің барша табыстарымыздың кілті» деп ерекше атап көрсетті.
Қазақстан Республикасының мемлекет болып қалыптасуы жолында көптеген тарихи тұлғалардың еңбектері ерен. Қожа Ахмет Ясауи кесенесінде халқымыздың 200-ге жуық игі-жақсылары мен батыр-баһадүрлері, 21 қазақ хандары мен сұлтандары мәңгілік тыныс тауып жатыр.
Конференцияға дайындық барысында Ахмет Ясауи университеті ғалымдарының бастамасымен елімізде алғаш рет «Қазақ хандары» атты энциклопедиялық анықтамалық жинақ дайындалды. Жинаққа 78 қазақ хандары туралы және де жас ұрпаққа тәлімі мол рухани жігер берер тың мәліметтер жинақталды.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Оқушыларға арналған президенттік олимпиада: Жеңімпаздар қандай сыйлыққа ие болады -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Қазақстанға Pfizer вакцинасының алғашқы партиясы жеткізілді -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі