Астанада Қазақстан мен Литва үкімет басшыларының кездесуі өтуде

19 Мамыр, 2015 11:42
Астанада Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кәрім Мәсімовтың Литваның Премьер-Министрі Альгирдас Буткявичюспен кездесуі өтуде.

Сонымен қатар, бүгін екі елдің қос премьер-министрлерінің қатысуымен қазақстан-литва бизнес форумы өтеді.

Форумға Қазақстан мен Литваның мемлекеттік басқару саласындағы органдарының, даму институттары мен бизнес-бірлестіктерінің  200-ден астам өкілдері қатысады. Литвалық бизнес делегацияның құрамында көлік, логистика, білім беру, тамақ, энергетика өндірісі салаларындағы компаниялардың, сондай-ақ Литва өндірушілері мен кәсіпкерлер конфедерациясының өкілдері бар.

Жоспарланып отырғандай, кездесу қорытындысы бойынша екі-жақты бірқатар құжаттарға қол қойылатын болады.

Индира Кауметова

Барлық жаңалықтар