• Басты
  • Жаңалықтар
  • Ақмола облысында қуаты жылына 180 дананы құрайтын ауыл шаруашылығы техникаларын шығаратын зауыт іске қосылады

Ақмола облысында қуаты жылына 180 дананы құрайтын ауыл шаруашылығы техникаларын шығаратын зауыт іске қосылады

19 Мамыр, 2015 18:17
Ақмола облысының Көкшетау қаласында қыркүйек айында өндірістік қуаты жылына 180 ауыл шаруашылығы және коммуналдық техника шығаруға қауқарлы зауыт іске қосылмақшы.

Аймақ әкімдігінің хабарлауынша, аталмыш кәсіпорынның құрылысы Беларусь республикасымен бірлескен түрде 2010 жылы басталған.

«Биылғы жылдың қыркүйегінде зауыт алғашқы тракторларын жинай бастайды»,-деді «Қазақстандық агро инновациялық компания» ЖШС Бас директоры  Шыңғыс Әбішев.

 

 

Барлық жаңалықтар