• Басты
  • Жаңалықтар
  • «Астана қаласының азық-түлік белдеуі» мемлекеттік бағдарламасы бойынша Ақмола облысында құс фабрикасы ашылады

«Астана қаласының азық-түлік белдеуі» мемлекеттік бағдарламасы бойынша Ақмола облысында құс фабрикасы ашылады

12 Қазан, 2013 19:01
«Астана қаласының азық-түлік белдеуі» мемлекеттік бағдарламасы аясында жылына 3 мың тонна құс етін өндіретін жаңа жоба Ақмола облысында жүзеге асырылды, деп облыс әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Ақмола облысы, Астарахан ауданында жылына 3 мың тонна құс етін өндіретін құс фабрикасы ашылмақ.  Аумағы алты гектарлық фабрикада үш құс өсіру корпусы, инкубатор, жемазық қоймасы мен қасапхана салынған. Цехтарға су құбыры, электр желілері тартылып, дербес трансформатор мен электр генераторлары, газгольдер орнатылып, сынақтан өткізіліпті заманауи қондырғылармен жарақтандырылған өндіріс орнында  алдағы бірер аптада- ақ жұмыртқа жеткізіліп, құс өсіріле бастайды», - деп хабарламада нақтыланған.

 Құны 500 млн теңге тұратын бұл жоба мемлекеттік қолдаудың арқасында жүзеге асырылды. Ал мемлекеттік « Бизнестің жол картасы -2020» бағдарламасына сәйкес мұндағы инфрақұрылым қалпына келтірілген. Жаңа өндіріс орны іске қосылғанда ауылдың 50 тұрғыны тұрақты жұмыспен  қамтылады. 

Болашақта  өнім өткізуге  байланысты, мәселе туындамайды ,-дейді фабрика басшылығы. Қазірден бастап, осы тұрғыда  астаналық  кәсіпкерлермен  өзара ынтымақтастық келісім-шарттары жасалып қойылған.   

 

Барлық жаңалықтар