Қазақстан-Ресей шекарасы арқылы пойыздарды өткізу үдерісі жеңілдетілді

19 Мамыр, 2015 10:34
Мәскеуде «ҚТЖ» ҰК» АҚ вице-президенті Берік Камалиев «РЖД» ААҚ жолаушылар тасымалы жөніндегі вице-президенті Михаилом Акуловпен кездесті. Кездесу барысында жолаушылар пойыздарын Қазақстан-Ресей шекерасын өткізу ресімдерін жеңілдетуге, тексеру уақытын қысқартуға қатысты мәселелерді талқылады.

«Қазіргі уақытта екі мемлекеттің өкілетті органдары шекарадағы тексеру уақытын 3,6 есеге қысқартуға мүмкіндік беретін бірқатар шараларды қарастырып жатыр. Бұл шаралар кейін Қазақстан-Ресей шекерасындағы барлық тексеру-бақылау нүктелерінде енгізілетін болады», - делінген «Жолаушылар тасымалдау» АҚ-ның  баспасөз хабарламасында..

Бұдан бөлек, екі елге қатынайтын мемлекетаралық жолаушылар пойыздарының қозғалысын ұйымдастыруға қатысты бірқатар мәселелер де сөз болды.

Барлық жаңалықтар