- Басты
- Жаңалықтар
- ҚР ҚК әскери қызметшілері бес мемлекеттің бөлімшелерімен бірлесіп арнайы операцияларды даярлауға кірісті (Фото)
ҚР ҚК әскери қызметшілері бес мемлекеттің бөлімшелерімен бірлесіп арнайы операцияларды даярлауға кірісті (Фото)
Естеріңізге сала кетсек, Жедел іс-қимыл ұжымдық күштерінің қазақстандық контингенті дабыл бойынша қауырт жиналып, тәжік-ауған шекарасына жөнелтілді. ҰҚШҰ штабы әзірлеген қауырт тексеру даярлығы бойынша Ауғанстан аумағындағы шекаралық жағдай шиеленісіп, Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымы Жедел іс-қимыл ұжымдық күштерін өрістету туралы шешім қабылдады.
Қазақстан Қарулы Күштерінің шабуылдаушы десантшылар бөлімшесі және арнайы мақсаттағы топтар бес мемлекеттің (Армения, Белорусь, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстан) контигентімен бірлесіп арнайы операцияларға даярлыққа кірісіп кетті. Қазақстанның ӘҚК барлау-іздестіру іс-қимылындағы десантшылар және арнайы мақсаттағы сарбаздар Су-27 ұшағымен әуеде барлау, соққы беру мәселелерін пысықтады.
Осыған байланысты біздің ұшақтар ұшуларды орындап, кейін қайтарда басқа мемлекеттердің аэродромдарына қонбай, Қазақстандық аэродромға орналасты. Қауырт тексеру барысын Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымының басшылығы бақылайды. Атап айтқанда, ҰҚШҰ Біріккен штабының бастығы генерал-лейтенант Александр Студеникин қазақстандық әскери қызметшілердің жоғарғы деңгейде ұйымдасқанын атап өтті. «Жеке құрам тапсырманы толық орындады.
«Харбмайдон» полигонында басшылық құрылды. Қолбасшының жетекшілігімен жеке құрам практикалық жұмысқа кірісті. Қазақстан Республикасының атынан келген әскери контигенттің жеке құрамы өз міндеттерін үздік орындады. Барлығы полигонға келіп, басшылық бекіткен міндеттерді шешуге кірісті», - деп атап өтті генерал-лейтенант Александр Студеникин. 2015 жылғы 18 мамыр күні Тәжікстан Республикасының Президенті Эмомали Рахмон операция жоспарын бекітті. Жоспар бойынша 19 мамыр күні әскерлер Тәжіктің Қорған-Төбе қаласының маңында орналасқан «Харбмайдон» полигонында қарсыласты жоюға кіріседі.
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Әскери-қорғаныс өнеркәсібінің даму перспективалары -
«Ауыл - Ел бесігі» жобасы:Ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсарту қалай жүзеге асырылады -
Сенатор: Журналистердің мәртебесін заңды түрде арттыру қажет -
Үйде арнаулы әлеуметтік қызмет ала алатын қазақстандықтардың тізбесі кеңейтілді -
«Бастау Бизнеске» 5 жыл: Жоба түлектері тәжірибесімен бөлісті -
2021 жылдың басынан бері 12,5 мың этникалық қазақ қандас мәртебесін алды -
Елордадағы Қорғаныс министрлігінің әскери колледжінде алғашқы оқуға іріктеу аяқталды -
ҚР-дағы жұмыс күшінің саны 2050 жылға қарай шамамен 11,4 млн адамды құрайды -
Үкіметаралық келісім шеңберінде қазақстандықтар қай елдерде тегін оқи алады -
Қорғаныс министрлігінің әскери оқу орындары оқуға қабылдауды жүргізуде -
Еліміздің бес қаласында жаңа шектеу шаралары күшіне енді -
ҚМ: Әскери ынтымақтастық, жауынгерлік дайындық және әскери білім беру мәселесі -
ҚР энергетика саласы: Мұнай-газ саласы, жер қойнауын пайдалану және электр энергетикасы -
ҚР экологиясы: Ауаның ластануы, қоқыс жағатын зауыттар мен су мәселесі