- Басты
- Жаңалықтар
- Ресейдегі Қазақстан Елшілігі «Баспаналату жасағандарға тағзым ету» халықаралық акциясына қатысты
Ресейдегі Қазақстан Елшілігі «Баспаналату жасағандарға тағзым ету» халықаралық акциясына қатысты
ҚР СІМ хабарлағандай, акцияның басты мақсаты Қазақстан және Орталық Азия республикаларына Ұлы Отан соғысы кезінде Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының еуропалық бөлігінен көшірілгендерді меймандостықпен қабылдағаны үшін ризашылық білдіру болды.
Аталған шараға Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Түрікменстан елшіліктерінің өкілдері, Мәскеу өңіріндегі ұлттық диаспоралар өкілдері және Красноармейск қаласының соғыс жылдары көшірілген тұрғындары қатысты.
«Акция қатысушылары Красноармейск қалалық аймағының әкімі Александр Овчинниковпен кездесіп, майданда қайтыс болған Красноармейск тұрғындарына арналған ескерткішке гүл шоқтарын қойып, «Красноармейск – жауынгерлік және еңбек даңқылы қала» мұражай-экспозициясын тамашалады», - делінген хабарламада.
Шара Орталық Азия елдерінің қонақжайлылық дәстүрінде салтанатты қонақасымен тәмәмдалды. Дастарқанда жайылған таңдыр нан, бауырсақ, қатық, өрік-мейіз әр отбасының көшірілгендермен соңғы нанымен бөліскен ізгі ісін білдірді.
Айта кетейік, «Баспаналату жасағандарға тағзым ету» акциясы Красноармейск қауымдастығының бастамасымен өтеді. Ол алғашқысында 2012 жылы түскі қонақасы ретінде ұйымдастырылып, кейін оны жүйелі түрде өткізу туралы шешім қабылданды. Бұл – соғыстың қиын-қыстау жылдары Орталық Азияға көшірілген халықтарға жергіліктілердің қонақжайлық көрсетіп, риясыз жәрдем бергені үшін алғыс білдіру жөніндегі Ресейде жыл сайын өткізілетін бірден-бір шара.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Қазақстанға Pfizer вакцинасының алғашқы партиясы жеткізілді -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
Заңгер-студенттер халықаралық байқауда сот отырысын жеңді -
Сарапшылар: «Қазақстан студенттер альянсы» дайындаған рейтингтер сапасыз» -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді