«Астана Innovations» АҚ 16 инновациялық жобаны қолдады – Уызбаев

18 Мамыр, 2015 18:02
«Астана Innovations» АҚ 16 инновациялық жобаны қолдады, оның 4-уі Астана нарығында жұмыс істеп жатыр, деді «Астана Innovations» АҚ басқарма төрағасы Әлтаир Уызбаев ОКҚ брифингінде.

«Компания қаржылық және консультациялық қызметті бастапқы кезеңде стартап-компанияларға көмек көрсетеді. Бизнес-инкубациялау технологиясы жобасын жүзеге асыру аясында қазіргі таңда 16 инновациялық жоба мақұлданды. Оның 4 жаңа  жобасы Астана нарығында өнім өндіріп, жұмыс жасауда», - деді ол.

Оның айтуынша, жобалардың кейбіруіне шетелдік инвесторлар қызығушылық танытуда.

««Astana Led project» ЖШС – қазақстандық энергия үнемдеу жарықдиодты шамның өндірушісі. Қазіргі таңда 100 млн-дық өнімін өндіруде. Өзге жоба – бұл дәріханалардың жұмысын автоматтандыратын  арнайы аппарат. Бұл медикаменттердің адамсыз сатылуы. Бұл жобаға шетелдіктер қызығушылық танытуда. Сәтті жүзеге асса, қазақстандық компания шетелдік көздерден қаржыландыруға ие болады», - деді ол.

Анара Тәңірқұлова

 

Барлық жаңалықтар