- Басты
- Жаңалықтар
- Қайта өңдеу саласындағы «ұлттық чемпиондар» 120 млрд теңге көлеміндегі әлеуетті жобаларды ұсынды
Қайта өңдеу саласындағы «ұлттық чемпиондар» 120 млрд теңге көлеміндегі әлеуетті жобаларды ұсынды
«McKinseyCompany халықаралық консалтингтік компаниясымен бірлесе «Бәсекеге қабілетті көшбасшылар - ұлттық чемпиондар» орта бизнесті қолдау бағдарламасына қатысуға үміткер отандық өндірушілер арасында іріктеу жүргізілді. Бұл тұрғыда азық-түлік өнеркәсібі мен машина құрылысы салаларында өндірушілер қаралды. Барша өңірлер бойынша 300-ден астам компаниядан өтінім келіп, диагностикадан өтті. Бүгінде оның ішінде 32 компания іріктелінді. Олар жалпы сомасы 120 млрд теңге болатын әлеуетті жобаларды ұсынды»,- деп мәлімдеді «Бәйтерек» холдингісінің басқарма төрағасы Қуандық Бишімбаев .
Жалпы, Бішімбаев атап өткендей, келiп түскен 300-ден астам өтiнiштен 32 компания таңдалып алынды, оның iшiнде 20 компания азық-түлiк өнеркәсiбi саласынан болса, 7 компания машина жасау және тағы 5 компания құрылыс материалдарын өндiру саласынан iрiктелiп алынды. «Бұл бағдарлама 2015 жылдың 5 мамырында өткен ҚР Үкiметiнiң кеңейтiлген отырысында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Наразбаевтың «Ұлттық чемпиондар» жобасын құру жөнiндегi бастамасын жүзеге асыру аясында әзiрленген. Инвестиция және даму министрлiгi, Кәсiпкерлердiң ұлттық палатасымен бiрлесiп «Бәйтерек» холдингi жүзеге асыратын бұл бағдарлама орташа мерзiмдi болады. Яғни, осы жылы бiз компанияларды iрiктеп қана қоймай, ол компанияларды одан әрi дамыту бойынша жұмыстарға кiрiсемiз. Айта кетерлiгi, бұл жұмыстар 3 жылға созылады», - деп толықтырды холдинг басшысы.
Индира Кауметова
-
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
Д.Абаев: Алтын Орда қалалары қайта қалпына келтіріліп, тарихи-материалдық кешен құрылады -
«Ұлттық рухани жаңғыру» жобасы: бағыты, мақсаты мен міндеттері -
Цифрлы экономиканы дамытудағы деректерді өңдеудің өзектілігі -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
ҰЭМ: Ұлттық жобаларды жүзеге асыруға 15,9 трлн теңге көзделген -
Маңғыстауға Қостанай облысынан 32 миллион теңгеге тегін мал азығы әкелінеді -
Тоқаев: Қазақстан медиа және креативті индустрия саласында бірлескен жобаларды іске асыруға дайын -
Тауар нарығындағы теңгерімсіздік, инфляция және мұнай бағасының төмендеуі -
Мүгедектік және асыраушысынан айырылғандарға 260 млрд теңге жәрдемақы төленді -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 1,7 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
Жолдау-2021: Ғылым саласындағы негізгі өзгерістер -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 1,5 трлн теңгеден астам сомаға зейнетақы төленді -
Азаматтарға арналған үкімет: ЭЦҚ алуды жеңілдету, автокөлікті қайта тіркеу және цифрландыру