• Басты
  • Жаңалықтар
  • І.Жаңғаскин: Астананың индустриалды паркінде кәсіпкерлер үшін жер телімдері 10 жылға дейін тегін берілуде

І.Жаңғаскин: Астананың индустриалды паркінде кәсіпкерлер үшін жер телімдері 10 жылға дейін тегін берілуде

18 Мамыр, 2015 16:39
Астананың индустриалды паркі маңындағы жер телімдері кәсіпкерлер үшін 10 жылға дейін тегін таратылуда, деп хабарлады «Астана –жаңа қала» арнайы экономикалық аймағының Әкімшілендіру басқармасының жетекшісі Ілияс Жаңғаскин Орталық коммуникациялар қызметінде.

«Бұрындары индустриалды паркке тек ірі кәсіпорындар кіретін. Қазір біз Астананы дамыту ісіне шағын және орта бизнесті тарту үшін қолдан келгеннің барлығын істеудеміз. Біз кез-келген кәсіпкер игере алатын инвестициялар үшін ашықпыз. Бірінші тоқсанда біз индустриалды парк аймағында 7 жобаны мақұлдадық. Жобалардың біреуінің өзі 100 миллион теңге тұрады. Түрлі бағдарламалар бойынша жоба құнының 60-70 пайызы көлемінде жеңілдетілген қаржыландыру шарасын пайдалануға болатындығын ескере отырып, кәсіпкерге өз есебінен 30-40 миллион теңге көлемінде қаржы салу керек, бұған көптеген кәсіпкерлердің шамалары жетеді»,-деді ол.    

Оның сөзінше, Астана қаласының индустриалды паркінің маңынан кәсіпкерлер үшін 10 жылға дейін тегін телімдер таратылуда.  

«Бізде индустриалды парк маңынан телімдерді бөлу жұмыстары барынша ашық жүргізілуде. Олар тегін үлестірілуде. Ол үшін кәсіпкерге келіп, өзінің жобасын қорғап, өзінің қаржылық жағынан мүмкіндіктері бар екендігін көрсету керек.  Ашық комиссия барлық өтініштерді қарай келіп, инвесторды индустриалды парк аймағына енгізу туралы шешім қабылдайды. Бұл телімдердің барлығы 10 жылға тегін беріледі. Сонымен қатар бізде кәсіпкерлердің алдынан шығуы мүмкін барлық бюрократиялық кедергілерді жоюмен айналысатын инвесторлар орталығы бар. Біз кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығымен тікелей байланыста жұмыс істейміз»,-деді басқарма жетекшісі.  

Айта кететін мәселе, инвесторлар өндірілген барлық өнімдер үшін қосымша құн салығы мен корпоративті салықтан босатылады. Жер салығы мен мүлік салығы да нөлге тең.    

Анар Тәңірқұлова

Барлық жаңалықтар