• Басты
  • Жаңалықтар
  • Астананың индустриялды паркінің зауыттары 5 жыл ішінде 400 млрд теңгенің өнімін шығарды

Астананың индустриялды паркінің зауыттары 5 жыл ішінде 400 млрд теңгенің өнімін шығарды

18 Мамыр, 2015 16:08
Соңғы 5 жылда Астана қаласының индустриялды паркі зауыттары 400 млрд теңгенің өнімін шығарды, деді ОКҚ брифингінде «Астана – жаңа қала» ЕЭА әкімшілендіру басқармасының жетекшісі Ілияс Жанғаскин.

«Индустрияландыруды дамыту мақсатында 2005 жылы ЕЭА аймағына  екі индустриялды парк енді. Мемлекет ақша бөліп, инфрақұрылым жүргізіп, 2010 жылы бірінші парк толық қолданысқа жіберілуге дайын болды. Соңғы 4 жылда 21 кәсіпорынның төлеген салығы жолдардың жөнделуі мен су құбырлары, жылу және электрмен жабдықтау шығындарын өтеді», - деді ол.

Оның айтуынша, соңғы 5 жылда индустриялды парк зауыты 400 млрд теңгенің өнімін өндірді.

«Қазіргі таңда Астананың индустриялды паркінде 55 жоба қызмет етуде, 21 жоба өнім шығарады – бұл дайын зауыттар, олардың ішінде 9 жоба инновациялық қатысумен жүзеге асады. 17 жоба белсенді құрылыс дәрежесінде, 17-сі жобалау мен сметалық  құжаттар дайындалу дәрежесінде тұр», - деді І. Жанғаскин.

Анар Тәңірқұлова

 

 

 

Барлық жаңалықтар