- Басты
- Жаңалықтар
- ШҚО-ның барлық мұражайларында «Мұражай түні» онкүндігі ашылды
ШҚО-ның барлық мұражайларында «Мұражай түні» онкүндігі ашылды
Акцияның негізгі мақсаты – тірлік қамымен күндіз келуге бос уақыты болмаған адамдарды мұражайға тарту, тарихи және мәдени құндылықтар туралы терең мағлұмат беріп, жастардың танымын кеңейту. Шара аясында Қазақ Хандығының 550 жылдығына орай, ел іргесін бекіткен хандар мен сұлтандардың, батырлардың өмірі, мұралары жайында ақпараттандыру кең ауқымда жүзеге асырылмақ. Келем деушілерге түнгі 23.00-ге дейін мұражайлардың есігі ашық.
ШҚО Мәдениет басқармасынан хабарлағандай, акцияға Өскемен қаласынан Облыстық өнер мұражайы, облыстық тарихи-өлкетану мұражайы, Семейден Облыстық Достоевскийдің әдеби-мемориалдық мұражайы сынды ірі ошақтардың қызметкерлері бір-біріне экскурсияға барып, тәжірибе алмасады.
Мұражайға келем деуші жұртшылыққа экскурсиямен қатар, мәдени орындарда арнайы концерттік бағдарламалар ұсынылмақ. Мәселен, облыс орталығындағы Облыстық өнер мұражайында суретші және спортшы Вадим Салманханов аэрографиядан шеберлік сыныбын өткізіп, спорттық билер мен спорттық әндер орындалатын кеш ұйымдастырылады.
-
Елордада Al-Farabi Knowledge Centre атты білім орталығы ашылды -
Елордада Жеңіс Нұрлыбаевтың «Пандемия. Шектеу. Самғау...» атты жеке көрмесі ашылды -
Жол картасы аясында 5,5 мыңға жуық жұмыс орны ашылды -
Жамбыл облысы: Аурудың жоғары деңгейі облыстың барлық қаласы мен ауданында байқалуда -
Салық заңнамасындағы жаңашылдықтар -
Елордада Дина Нұрпейісованың ескерткіші ашылды -
Халықаралық стандарттарға сай учаскелік полиция пункті ашылды -
Сарапшы пікірі: "Газ бағасының өсуі - барлық шығынды есепке алғанда түк емес" -
Елордада жас суретші Анар Әбжанованың жеке көрмесі ашылды -
Қордай ауданында Инклюзивті білім беру ресурстық орталығы ашылды -
Маңғыстау облысында арматура өндіретін кәсіпорындар ашылды -
Елордада журналистерге арналған ағылшын тілінде сөйлеу клубы ашылды -
Қазақстандағы экология зaңнaмaсы: жаңашылдық пен жауапкершілік жүгіндегі өзгерістер -
Елордада белгілі кескіндемеші Кәміл Моллашевтің жеке көрмесі ашылды -
Елордада дзюдо орталығы ашылды