- Басты
- Жаңалықтар
- АКП Ақтөбелік рельсті арқалық зауытына қажетті мамандарды дайындауға көмектеседі
АКП Ақтөбелік рельсті арқалық зауытына қажетті мамандарды дайындауға көмектеседі
Кәсіпкерлік палата өкілдері Қарағанды Мемлекеттік индустриалды университеті өкілдерімен хабарласып, кадраларды дайындау мәселесі жөнінде пікір алмасты. Сөйтіп, Кәсіпкерлер палатасы, рельстібалка зауыты, Қарағанды университеті арасында ынтымақтастық туралы үшжақты меморандумға қол қойылды.
«Келісімнің мақсаты-металургия саласы үшін біліктілігі жоғары мамандарды дайындауда ұзақмерзімді екіжақты тиімді ынтымақтастық орнату болып табылады. Келісім сонымен қатар, еңбек ресурстарды дамытудың тиімді жүйесін қалыптастыру, отандық жұмысшылардың біліктілігін арттырып, тәрбиелеуді қарастырады»,-деді АКП-ның әлеуметтік бөлігінің сарапшысы Венера Шавкилова.
Кадрларды дайындау арнайы келісілген білім беру бағдарламалары бойынша жүргізіледі. Өз кезегінде ол тараптардың пікірлерінше, ұтқыр, конструктивті, инновациялық ойлау қабілеті бар мамандарды дайындап, өз кезегінде олар рельстібалка зауытының құрылымдық бөлімшелерінен айтарлықтай жедел дамуына ықпал ететін болады.
Бұған қоса оқу үдерісі және өндіріс барысында заманған сай ақпараттық-коммуникациялық технологиялар пайдалану, оқу, тәжірибелік, ғылыми-зерттеу тәжірибесін іске қосу жоспарда бар. Қарағандылық университет өзінің мамандарын тәжірибеден өту үшін зауытқа жіберіп отырады. Ал зауыт басшылары болса, ерекше көзге түскен студенттер мен университет магистранттарына зауыт тарапынан зәрулік тудырып отырған мамандық иелеріне арнайы шәкіртақы тағайындамақшы.
«Кәсіпорынға металургия саласындағы техникалық мамандық иелері қажет және биылғы жылдың өзінде меморандум талаптары бойынша университеттің 4 түлегі жұмысқа орналастырылады. 2015-2016 жылдары зауыттағы өнжірістік тәжірибеден 3-курс студенттерінің барлығы өтетін болады»,-деді Венера Шавкилова.
Айта кететін мәселе, рельстібалка зауыты жоғары сапалы рельс шығаратын және Қазақстандағы ортафасонды прокат шығаратын жалғаз ғана өндіріс ошағы. Зауыттың қуаты жылына 430 тонна дайын өнім өндіруге бағытталған. Бұл кәсіпорын қазақстандық сұрансты толық қанағаттандырып, экспортқа да тауар шығаратын болады деп күтілуде.
-
Антикор: Әкімшілік тәжірибе сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға көмектеседі -
Астық өнімінің болжамды көлемі елдің ішкі қажеттілігін толық қамтамасыз ете ала ма -
"КамАгро" әрекетінен зардап шеккен фермерлерге қажетті қолдау көрсетіледі – АШМ -
Қарапайым санитарлық шараларды сақтау – вирусты азайтуға көмектеседі -
Онлайн бағытқа ден қою қажеттігі туындады – Л.Алдунгар -
А. Мамин: Үкімет зардап шеккендерге барлық қажетті көмекті көрсетеді -
Әлеуметтік көмек алған ақтөбеліктер алғысын білдірді -
Е.Тоғжанов: Халықты азық-түлікпен және қажетті тауарлармен қамтамасыз ету үшін 32 млрд теңге бөлінеді -
Н.Нығматулин: Елімізде төтенше жағдай енгізу қазақстандықтардың қауіпсіздігі үшін қажетті шара -
Жамбыл облысындағы азық-түлік қоры халықтың қажеттілігін 2-3 ай қамтамасыз етуге жетеді -
7 мыңға жуық ерекше қажеттілігі бар бала түзету кабинеттерінен көмек алды -
Бізге қосыл - ерікті бол: Елордалық жастар қоғамдық ұйымдарға көмектеседі -
Қазақстан құс еті бойынша ішкі нарық қажеттілігін толығымен қанағаттандыруға мүдделі -
Депутаттар Ақтаудағы ауыз су тапшылығын жою қажеттігін атап өтті -
«Самұрық-Қазына» мен Тұңғыш Президент қоры ерекше балаларға көмектеседі