Қазақтелеком қызметтері кеңейтіліп, жаңартылған порталды іске қосты

18 Мамыр, 2015 18:34
Бүгін «Қазақтелеком» акционерлік қоғамының telecom.kz атты жаңартылған порталы іске қосылды. Оның осыған дейінгі үлгіден айырмашылығы абоненттерге арналған көптеген қызметтері бар, делінген «Самұрық-Қазына» қорының ресми порталында.

Порталда ақпараттық-сараптамалық сайттан интерактивті интерфейсі бар, төлем қызметтерін басқаруды онлайн режимінде жүзеге асыруға мүмкіндік беретін порталға көшірілгендігі айтылған. Жаңартылған порталдың заманға сай дизайны мен жаңа қызметтері бар және олар пайдаланушылардың компанияның қызметі жөнінде хабардар етіп, барлық қызметтер туралы ақпараттарға қолжетімділікті қамтамасыз етеді. Сондай-ақ абоненттер қызметтерін басқаруды жеңілдетіп, тиімді кері байланыс жүйесін қалыптастырып, қызметтердің төлемдерін онлайн режимінде жүргізеді. Бірыңғай портал өзінің беттерінде «Қазақтелеком» акционерлік қоғамының барлық қызметтері мен брендтерін біріктірді.     

Тариф пен қызмет тарифтерін таңдаудың ыңғайлылылғын қамтамасыз ету үшін «Қазақтелекеом» акционерлік қоғамының барлық қызметтерінің виртуалды қызметтер  тізімі жасалған.  Оның арасында интернет, телевидение, телефония, хостинг қызметтері бәрі бар. Сондықтан-кез-келген азамат кез-келген уақытта портал арқылы акционерлік қоғам қызметтеріне қатысты өзіне қажетті мәліметтерді ала алады. 

Бұл жүйеге қосылған азаматтар түрлі ұйымдардың қызметтерін: тіркелген қызмет, ұялы және жерсеріктік байланыс, интернет және коммуналдық қызметтер бойынша төлем жасай алады. Бұл ресурсқа кез-келген құрылғы арқылы қол жеткізуге болады. Ал «Қазақтелеком» акционерлік қоғамының барлық қызмет тіректерінде портал арқылы төлем жасауға қытысты кеңестер беріледі.

Жаңа порталды дайындау барысында әсіресе көрсетілетін қызметтің сапасына баса назар аударылған. Порталда қазірдің өзінде тиісті филиалға қажетті ақпараттарды алу үшін жазбаша түрде қайырылу жұмыстары жүзеге асырылды. Порталдың барлық қызметтері жылдың соңына дейін толық іске қосалмақ.      

 

Барлық жаңалықтар