- Басты
- Жаңалықтар
- Б.Сағынтаев пен Ауғанстанның тау-кен өнеркәсібі және мұнай министрі экономикалық ынтымақтастық мәселелерін талқылады
Б.Сағынтаев пен Ауғанстанның тау-кен өнеркәсібі және мұнай министрі экономикалық ынтымақтастық мәселелерін талқылады
Тараптар экономикалық және гуманитарлық салалардағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады.
Бақытжан Сағынтаев кездесу барысында Президент Мохаммад Ашраф Гани және атқарушы билік басшысы Абдулла Абдулла бастаған Ауғанстан ұлттық бірлігі Үкіметін Қазақстан қолдайтынын баса айтты. Ол елдің жаңа басшылығы ауған халқының әл-ауқатын жақсартуға бағытталған толыққанды реформаларды жүзеге асыра алатынына сенім білдірді.
Кездесу қатысушылары екі жақты сауданың артқанын атап өтті (2014 жылдың қорытындысы бойынша елдердің арасындағы тауар айналымы 2013 жылмен салыстырғанда 336,7 млн АҚШ долларын құраған), алайда сауда-экономикалық ынтымақтастық әлеуеті толығымен ашылмағандығы айтып өтілді. Осылайша, Дауд Шах Саба Қазақстан ауған тауарларын жеткізуге қажетті барлық жағдайды жасайтынына сенім білдірді.
Екі жақты ынтымақтастықты кеңітудің маңызды тетіктерінің бірі сауда-экономикалық ынтымақтастық бойынша қазақстандық-ауғандық үкіметаралық комиссия болып табылады.
Гуманитарлық ынтымақтастыққа қатысты ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Қазақстан ауған жастары өкілдеріне арналған білім беру бағдарламаларын жүзеге асыруды жалғастырып келе жатқанын атап өтті. 2010 жылдан бастап 2020 жылға дейін Ауғанстанның мыңға жуық азаматы қазақстандық жоғары оқу орындарында оқиды. Аталған бағдарламаның жалпы құны 50 млн АҚШ долларын құрайды. Алайда, ауған тарапының сұрауына сәйкес Қазақстанда бағдарламаны жалғастыру мәселесі қаралуда.
Бақытжан Сағынтаев кездесу барысында Қазақстан Ауғанстандағы тұрақтандыруға бағытталған халықаралық шарттарды белсенді түрде қолдайтынын, және жыл сайын осы елге гуманитарлық көмек көрсетіп келе жатқанын баса айтты.
-
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Билік пен қоғам диалогы: X Азаматтық форум басталды -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы -
А.Цой: Коронавируспен ауырған адамдардың 96 %-ы вакцина алмаған -
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
ДСМ: Елдегі эпиджағдай, ревакцинация, Pfizer жеткізілімі және балаларды вакциналау