Қазақстанда 2017 жылы аралас жекпе-жек түрлерінен әлем чемпионаты өтеді

18 Мамыр, 2015 11:54
Қазақстанда 2017 жылы ММА бойынша әлем чемпионаты өтеді, деп хабарлады Қазақстанның ММА федерациясының президенті Анатолий Ким Орталық коммуникациялар қызметінде.

«Амстердамда әлем чемпионатын 2017 жылы Қазақстан аумағында өткізу жөнінде шешім қабылданды. Біздің өтінішіміз қабылданды және бізді чемпионаттың елімізде «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесі өтіп жатқан кезде ұйымдастырылатыны қуантып отыр»,-деді А.Ким.

ММА федерациясы президентінің сөзінше, бұл оқиға әлемдік қауымдастық тарапынан оң қабылданды. «Бүкіләлемдік конгресте бұл мәселе бойынша жақсы көзқарас танытылды. Осындай үлкен турнир 2017 жылы бізде, яғни Қазақстанда ұйымдастырылатын болды»,-деді ол.

Индира Кауметова

 

Барлық жаңалықтар