Семейде дарынды оқушылар ұлықталды

18 Мамыр, 2015 15:04
Дарынды балалардың зияткерлі деңгейін жоғарылату мақсатында Жастар мен балалардың шығармашылық сарайында дарынды оқушылардың Семей қаласының басшыларымен кездесуі өтті, деп хабарлады қала әкімдігі.

Кездесуге қала мектептерінің ғылым негіздері бойынша, пәндік, шығармашылық және спорт саласында республикалық, халықаралық дәрежедегі жеңімпаз оқушылар және мектеп директорлары мен мұғалімдері қатысты.

Бұл іс-шара бірінші кезекте қабілетті және дарынды балаларға қолдау көрсету, шығармашылық әлеуетін арттыру мақсатында өткізілді. Дарынды оқушылар - қаламыздың мақтанышы, Қазақстанның намысын қорғаушылары. Олардың білімі мен парасаттылығының арқасында Қазақстан білім мен ғылым саласында ғана емес спорттық және шығармашылық жарыстарда да бүкіл әлемге танымал болып отыр.

Семей қаласының абыройы мен мәртебесін асырған, ғылым мен білімнің тізгінін қатар ұстаған талантты да, дарынды оқушыларға естелікке төсбелгілер тапсырылды және концерттік бағдарлама ұйымдастырылды.

 

Барлық жаңалықтар