- Басты
- Жаңалықтар
- Семейде ҰОС ардагерлеріне «Қаланың құрметті азаматы» атағы беріледі
Семейде ҰОС ардагерлеріне «Қаланың құрметті азаматы» атағы беріледі
Депутаттар «Семей қаласының құрметті азаматы» атағына ұсынылған азаматтардың барлығының кандидатураларын бірауыздан қолдады. Олардың бірі Тұяқбай Алпысов Кавказ бен Екінші, үшінші Украина майдандарында соғысқан және Венгрия, Румыния, Чехословакия, Югославия, Кавказ бен Болгарияны азат еткен. Ұлы Отан соғысы ордені мен «Әскери қызметі үшін», «Кавказды қорғағаны үшін», «Германияны жеңгені үшін» медальдарының иегері.
Ал Ұлы Отан соғысы орденінің, «Еңбек ардагері» мен адмирал Нахимов медальдарының иегері Кәмкетай Баиыров 1943 жылы өз еркімен майданға аттанып, Балтық майданы мен Ленинград блокадасында болған. Соғыстан соң «Ахтуба» кемесінің командасында қызмет етті.
Надежде Горбачева өз еркімен майданға аттанып, Украина майданындағы ұрыстарға қатысқан. Телеграфист болып қызмет еткен ол ұрыс далаларында байланысты бірде-бір рет тоқтатқан емес. Осы еңбегі үшін ол Ұлы Отан соғысы ордені мен «Жауынгерлік қызметі үшін», «Германияны жеңгені» үшін медальдарының иегері атанды.
ШҚО ішкі саясат басқармасының хабарлауынша, сессияда депутат Рафаил Хазиповтан үш ардагерге де «Семей қаласының құрметті азаматы» атағын беру туралы ұсыныс түсті. Депутаттар сонымен қатар, ардагерлердің арасында аз қамтылған отбасылардың қатарынан жататын азаматтардың барлығына байланысты ҰОС ардагерлерінің тұрғын үй мәселелерін шешу үшін арнайы комиссия құру қажет деп шешті.
-
Микроқаржы ұйымынан несие алу: Кімге беріледі және шарттары қандай -
ЮНФПА-ның Қазақстандағы құрметті елшісі тағайындалды -
Елордада Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне 1 млн теңге көлемінде қаржылай көмек беріледі -
«Ashyq» мобильді қосымшасы: QR-код кімдерге беріледі, оны қайдан, қалай алуға болады -
COVID-19: Үндістанда ауырғандар саны 11 млн-нан асты, Финляндияда электронды сертификат беріледі -
Зейнетақы төлемдерін пайдалану үшін өтініш қалай және қайда жіберіледі -
Қандастарға шаруашылық үшін жер телімдері беріледі -
Ауыл шаруашылығын дамыту: Жаңа зауыттар мен фабрикалар пайдалануға беріледі -
Мемлекеттік сатып алу: Жеткізушілерді таңдау, кімдерге басымдық беріледі/ Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шаралар -
COVID-19 вирусынан амбулаториялық емдеу негізінде қандай дәрі-дәрмек тегін беріледі -
«Еңбек» бағдарламасы бойынша СҚО ауылдарының тұрғындарына 2,5 млрд теңге беріледі -
Абай күні: Абай саябағы мен Құнанбай музейі қашан пайдалануға беріледі/ Музейге қандай жәдігерлер қойылады -
Алматыда шеткі аудандардағы тұрғын үйді гaздaндыру мәселесi қaлай шешіліп жатыр. Несие қалай беріледі -
Карантин: Тамызда 42 500 теңге қалай беріледі -
Мақтааралда жаңа үйлер пайдалануға беріледі