- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстан халқының саны сәуірдің 1-індегі жағдай бойынша 17 476,1 мың адамды құрады
Қазақстан халқының саны сәуірдің 1-індегі жағдай бойынша 17 476,1 мың адамды құрады
2014 жылғы 1 сәуірмен салыстырғанда халық саны 255 мың адамға немесе 1,48% өсті.
АХАТ органдары ұсынған азаматтық хал актілері жазбаларындағы мәліметтерді өңдеу нәтижесінде, 2015ж. қаңтар-наурызда туылғандар саны 92,1 (92,8) мың адамды құрап, 2014 жылғы қаңтар-наурызға қарағанда 0,8% кеміді. Туудың жалпы коэффициенті 1000 адамға 21,31 (21,78) туылғандарды құрады.
Қарастырылып отырған кезеңде қайтыс болғандар саны 33,3 (33,3) мың адамды құрады, бұл 2014ж. қаңтар-наурызда қайтыс болғандардың абсолюттік көрсеткіші мәніне сәйкес.
Көші-қон полициясы органдары ұсынған келу/кетуді статистикалық есепке алу талондарындағы мәліметтерді өңдеу нәтижесінде, 2015 жылғы қаңтар-наурызда елімізге тұрғылықты тұруға келгендердің тіркелу саны (көшіп-қонушылар) 2014 жылғы қаңтар-наурызбен салыстырғанда 14,2% кеміп, 4 165 адамды құрады.
Елімізден кеткен көшіп-қонушылардың тіркелу саны 11,1% көбейіп, 4 516 адамды құрады, көші-қонның айырымы -351 адам болды. Еліміздегі негізгі көші-қон алмасуы ТМД мемлекеттерімен болуда. ТМД елдерінен келгендердің және сол елдерге кеткендердің үлесі, тиісінше, 88,2% және 89,4% құрады. Қарастырылып отырған кезеңде 2014ж. сәйкес кезеңімен салыстырғанда ел ішінде көшіп-қонушылар саны 33 805 адамға немесе 40,6% көбейіп, 117 068 адамды құрады. Өңіраралық көшіп-қонушылардың үлесіне еліміздің жалпы ішкі көшіп-қонушылар санының 43,4% (43,3%) тиесілі. Өңіраралық көші-қонның оң айырымы Алматы (10 828 адам), Астана (324 адам) қалаларында және Ақмола (1 126 адам), Маңғыстау (195 адам), Қостанай (143 адам) облыстарында қалыптасты.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
COVID-19: Оңтүстік Кореяда коронавирус күшейді, Францияда балалар арасында вирус жұқтырғандар саны артуда -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Қазақстанға Pfizer вакцинасының алғашқы партиясы жеткізілді