Украиналық компания қазақстандық локомотив сатып алды

12 Қазан, 2013 12:00
2013 жылдың 11 қазанында «Ивано-Франковск цемент» ҚАҚ украиналық компаниясы үшін «ҚТЖ» ҰҚ» АҚ-ның еншілес компаниясы «Локоматив құрастыру зауыты» АҚ дайындаған ТЭ33А тепловозын ақырғы қабылдау-өткізу Актісінің келісім шарты түзілді, деп «ҚТЖ» ҰҚ» АҚ баспасөз қызметі хабарлады.

Қазақстандық зауытқа келіп украиналық компания басшылығы қазақстандық локомативті сатып алу туралы шешімге келді. Тепловоздың техникалық мінездемесі мен Алматы станциясымен Сарыөзек станциясы арасында өткізілген танысу сапары ұтымды болды.

Хабарламада айтылғандай, қазақстандық локомативті алу келісімшарты 2013 жылдың 30 мамырында жасалған болатын.

Ең маңызды мәселелердің бірі қазақстандық өнімді Украина аумағында сертификаттау болды. «Ивано-Франковск цемент» ҚАҚ мен «Теміржол транспортын сертификаттау бойынша Харьков органы» ММ арасында тиісінше сертификатты алу келісім шарты жасалды.

Өз кезегінде «Локомотив құрастыру зауыты» АҚ барлық керекті құжаттармен таныстырып, сертификациялық сынақтарының жинағын көрсетті. Жарамдылық сертивикаты локомотивтің Украина жеріне жеткеннен кейін алынады.

 

Барлық жаңалықтар