- Басты
- Жаңалықтар
- Инженерлік-саперлік полктің кезекті мерзімді қызметтегі сарбаздары еліне қайтты
Инженерлік-саперлік полктің кезекті мерзімді қызметтегі сарбаздары еліне қайтты
Аталған жастар өткен жылы көктемде ҚР Қарулы Күштерінің қатарына шақырылған болатын. Әскери міндетін өтеген сарбаздар тәжірибелі офицерлер мен сержанттардың басшылығымен жауынгерлік даярлықтан өтіп, қару-жарақ пен әскери техниканы меңгерді.
Инженерлік-саперлік полктің командирі подполковник Мұрат Жүсіпов әскери борышын абыроймен өтеген сарбаздарға алғысын білдіріп, өз мамандықтары тұрғысынан үлгілі жауынгерлерді атап өтті. Осы орайда, кіші сержант Асылхан Билялов үздік бөлімше командирі ретінде танылса, ал қатардағы жауынгер Елжас Темірбеков полктің үлгілі механик-жүргізушісі атанды.
Сондай-ақ полк командирі қатардағы жауынгерлер Сергей Федко мен Ағыбай Амангелді үздік жүргізуші және сапер ретінде аталды. 2014 жылы инженерлік-саперлік полкке әскер қатарына шақырылған үздік сарбаз болып қатардағы жауынгер Еркеболат Аманов танылды. Ол атыс, саптық, дене және кәсіби даярлықтардан жоғары нәтижелерді көрсеткен болатын.
«Салтанатты шығарып салу рәсімі – бұл әскери қызметшілерді тәрбиелеудегі маңызды элементтердің бірі. Бүгінде запасқа шығарылып еліне қайтып бара жатқан жастар әскер қатарын жас буынмен толықтыратын сарбаздарды ынталандырады», - дейді «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы әскерлері қолбасшысының тәрбие және идеологиялық жұмыстар жөніндегі орынбасары полковник Әркен Ташубаев.
Іс-шараның соңында жарты жыл бұрын армияға шақырылған жас әскери қызметшілер алаңға шығып сап бойында адымдады. Бүгін, олар өздерінің алдында әскери борыштарын өтеп, инженерлі-саперлік полк сапының қатарында соңғы рет тұрған аға буынмен теңесті.
-
А.Тұрмұхамбетова: Сапасыз жүргізілген сауалнамалар университеттердің беделіне нұқсан келтіреді -
Маңғыстауға Қостанай облысынан 32 миллион теңгеге тегін мал азығы әкелінеді -
Қазақстанда қысқа мерзімді онлайн курстардың бірыңғай порталы іске қосылды -
Алғыс айту күні: ҚХА атынан сайланған Мәжіліс депутаттары қазақ еліне алғыс айтты -
Балабақшалардағы кезекті азайту: Алматыда балабақшаларда 20 мыңнан астам жаңа орындар ашылады -
ИНФОГРАФИКА: Қысқамерзімді индикатор -
Президент кезекті телевизиялық үндеу жариялайды -
Алматы облысының ІІМ ардагерлері ұлан сарбаздарымен кездесті -
Елбасы еліміздің солтүстік өңірін аралап қайтты -
Ұлы дала еліне саяхат: Алтай – өркениет бесігі -
«Ұлы дала еліне саяхат» экспедициясы: Бағыттар бойынша жолбасшы әзірленеді -
KADEX-2018: Көрмеге әлемнің 28 елінен 318 компания қатысып отыр -
Мемлекет басшысы әскерилерге қызметтегі жетістіктері үшін мемлекеттік наградаларды тапсырды -
Қазақстан мен Корея: ұзақмерзімді қарым-қатынастың тетіктері -
5 президенттік бастама: ұзақ мерзімді әлеуметтік саясат (ШОЛУ)