- Басты
- Жаңалықтар
- ҚДБ желісі арқылы өңдеу өнеркәсібінде мемлекеттік қолдау шеңберінде 13 жоба мақұлданды
ҚДБ желісі арқылы өңдеу өнеркәсібінде мемлекеттік қолдау шеңберінде 13 жоба мақұлданды
ЕДБ өңдеу өнеркәсібінде 12,8 млрд теңге көлемінде 13 жобаны мақұлдады. Сондай-ақ, Алматы облысында сусындар өндіру және Қызылорда облысында азық-түлік өндіру жобалары бойынша қаржыландыру басталды.
3 млрд теңге көлеміндегі қаражат айналым капиталын толықтыруға бөлінді.Осылай, бөлінген 50 млрд теңгенің 3 % қаражаты нақты игерілді.
Осылай, ҚДБ Жаңа «Нұрлы Жол» экономикалық саясатының шеңберінде Ұлттық қордан өңдеу өнеркәсібіндегі жобаларды қаржыландыруға бөлінген қаражаттың екінші траншын игеруге кірісті.Бекітілген шарттарға сәйкес, екінші транш қаражатының ең көбі 50% жаңа жобаларды қаржыландыруға, ең көбі 25% - бұрын берілген несиелерді қайта қаржыландыруға және ең көбі 25% - айналым капиталын толықтыруға жұмсалу керек.
ҚР Үкіметінің Қаулысымен бекітілген соңғы несие алушыларға несие беру шарттары: атаулы сыйақы мөлшерлемесі – ең көбі жылдық 6%, жаңа жобаларға несие беру мерзімі – 10 жылға дейін, несие валютасы – теңге, негізгі қарыз сомасын төлеу бойынша жеңілдікті кезең – ең көбі 24 ай, бір несие алушыны қаржыландыру шегі – 200 млн теңгеден 5 млрд теңгеге дейін.
Банкаралық қаржыландыру шарттарына сәйкес, серіктес банктерге бөлінетін қаражатты қаржы құралдарына және/немесе олармен операцияларға салуға, сонымен қатар валюталық нарықта шетелдік валюта сатып алуға жұмсауға тыйым салынады.
Несие қаражатын игеру мерзімі (қаражат серіктес банктердің шоттарына түсткен сәттен бастап) инвестициялық мақсаттарға берілетін несиелер бойынша – 18 ай, айналым қаражатын толықтыру және ЕДБ-ға бұрын берілген несиелерді қайта қаржыландыру мақсатына – 6 ай. ҚДБ несие қаражатын игеру барысы мен оны мақсатты пайдаланудың үнемі бақылауын жүргізіп отырады.
-
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар -
Елордада «Рухани жаңғыру» аясында қандай жобалар жүзеге асуда -
«Startup Bolashaq» бизнес-жобалар байқауы: Жобаға қандай өзгерістер енгізілді -
ІІМ: Мемлекеттік қызметтер мен жол қозғалысын цифрландыру және мектептердегі қауіпсіздік шаралары -
«Ұлттық рухани жаңғыру» жобасы: бағыты, мақсаты мен міндеттері -
«Ауыл - Ел бесігі» жобасы:Ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсарту қалай жүзеге асырылады -
АШМ: Ұлттық жобаның негізгі міндеттері мен импортты алмастыру мәселелері -
Цифрлы экономиканы дамытудағы деректерді өңдеудің өзектілігі -
А.Цой: «Салауатты ұлт» жобасы денсаулық сақтау жүйесін реформалауға мүмкіндік береді -
ҰЭМ: Ұлттық жобаларды жүзеге асыруға 15,9 трлн теңге көзделген -
Жануарларды қорғау: Заң жобасындағы өзгерістер мен жануарларды ұстау кезіндегі қойылатын талаптар -
Пациентті қолдау қызметі қалай жұмыс істейді -
Экспортты қолдау және электронды сауданы дамыту шаралары