- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстанда ҰОС Жеңісіне қазақстандықтардың қосқан үлесі туралы үздік эссе байқауы өтті
Қазақстанда ҰОС Жеңісіне қазақстандықтардың қосқан үлесі туралы үздік эссе байқауы өтті
«Ұлы Отан соғысы түрлі дәрежеде әр қазақстандықтың өміріне әсер етті. Біреулердің ата-әжесі майданда жеңіс үшін шайқасса, енді біреулердің жақыны тылда зауыт, фабрикаларда еңбек етіп өз үлестерін қосып жатты», - делінген хабарламада.
«Қазақстан-2050» жалпыұлттық қозғалысы Еуразиялық Медиа Форуммен бірлесіп «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ-ның және ҚР Білім және ғылым министрлігінің қолдауы аясында оқушылар арасында ҰОС-дағы Жеңіске қазақстандықтардың қосқан үлесіне арналған «Ата даңқы - ұрпаққа ұран» республикалық байқауын өткізді.
Сайыс 5-8 сынып (1топ) және 9-11 сынып (2топ) оқушылары арасында өтті. Жұмыстар мемлекеттік және орыс тілінде қабылданды.
Конкурстың басты мақсаты көпұлтты Қазақстанның Ұлы Жеңіске қосқан үлесін насихаттау, жастардың патриоттық сезімін жандандыру, аға буынның қанды қырғындағы баға жетпес ерлігін әр жас жеткіншекке жеткізу.
Жалпы, байқауға Қазақстанның түкпір-түкпірінен 1500-ден астам жұмыстар келді. Жоба жеңімпаздары мақтау қағаздарымен және қаржылай сертификаттармен марапатталды: 1 орын - 25 000 тг, 2 орын 15 000 тг, 3 орын 10 000 тг.
Айта кетерлік жайт, әр аймақтан үздік үш жұмыстан іріктелініп алынды. Жеңімпаздар қаржылай сыйақымен марапатталды, ерекше деп танылған жүмыстар телеарналардан көрсетілетін сюжеттердің негізіне алынатын болады.
-
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
«Startup Bolashaq» бизнес-жобалар байқауы: Жобаға қандай өзгерістер енгізілді -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді -
Қазақстанда цифрлық трансформация көшбасшыларын даярлау жоспарлануда -
Қазақстанда дизель отынының бағасы неге күрт өсті -
Қазақстанда мүгедектігі бар адамдар қандай әлеуметтік көмек алады -
COVID-19: Қазақстанда 8 млн-ға жуық азамат вакцина салдырды -
Үйде арнаулы әлеуметтік қызмет ала алатын қазақстандықтардың тізбесі кеңейтілді