- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстан мен Жапония спорт және өнер индустриясын бірлесе дамытудың зор болашағын қарастыруда
Қазақстан мен Жапония спорт және өнер индустриясын бірлесе дамытудың зор болашағын қарастыруда
Мәдениет және спорт министрлігі хабарлағандай, тараптар айтып кеткендей, Қазақстан және Жапония мемлекеттік саясатында мәдени мұралардың зерттелуі, сақталуы мен насихатталуына ерекше көңіл бөлетін мемлекеттер болып табылады. Бүгінгі таңда бұл саладағы екіжақты байланыстар дамудың, соның ішінде Біріккен Ұлттардың білім, ғылым және мәдениет мәселелер бойынша ұйым (ЮНЕСКО) құрамындағы қызмет аясында зор келешегіне ие.
Қазақстандық ведомстваның басшысы жапон үкіметіне ЮНЕСКО Бүкіләлемдік мұра объектісі - көне қалашық Отырарда консервация жұмыстарын жүргізуге бөлген гранты үшін алғысын білдірді. Сонымен қатар ол өз тарапынан Қазақстанның әлемдік мәдени мұраларды одан әрі зерттеудегі халықаралық ынтымақтастыққа дайындығын білдірді.
«Қазақстанға норвегиялық ғалымдар келіп, Алтайдың қазақстандық бөлігінде археологиялық зерттеулерге кірісті. Олардың болжамдарына қарағанда, бабаларымыздың генетикалық ұқсастығын зерттеу жұмыстары викингтердің шыққан жері Солтүстік Қазақстан аймағында болуы мүмкін. Біздің Алтайды бүкіл адамзат бесігі ретіндегі зерттеуге Жапон ғалымдарының белсене қатысуын қалар едік», — деп бөлісті министр.
Сонымен қатар кездесу барысында А. Мұхамедиұлы мен Ф. Мотоюки мемлекеттеріміздің спорт және музыка өндірісіндегі ынтымақтастықты дамыту мүмкіндіктерін талқылады. Нақты айтқанда, қазақстандық ведомства басшысы екі елдің спорт құрылғылары мен музыка аспаптарын дайындау бойынша жетекші кәсіпорындарының арасындағы ұзақмерзімді қарым-қатынастарды орнатуды ұсынды. Ол Қазақстанда шетелдік инвестициялар үшін барлық жағдай жасалғандығын хабарлады.
Жапонияның Білім, ғылым, мәдениет, спорт және технологиялар министрлігінң Парламенттік аға вице-министрі, өз кезегінде, өз елінің индустриялық алыптарына қазақстандық мекемелермен байланыс орнатуды ұсуныға дайын екендігін айтты.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар мәдени-гуманитарлық саладағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту жөнінде келісті.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары