- Басты
- Жаңалықтар
- «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының басшылық құрамындағы офицерлердің 40 пайызы аттестацияның барлық кезеңдерінен сәтті өтті
«Шығыс» өңірлік қолбасшылығының басшылық құрамындағы офицерлердің 40 пайызы аттестацияның барлық кезеңдерінен сәтті өтті
Аталған іс-шараның негізі міндеттері – кәсіби және іскерлік қасиеттер тұрғысындағы сипатын, әр әскери қызметшінің жауынгерлік әлеуетін анықтау болатын. «Бүгінгі күнге дейін «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының басшылық құрамындағы офицерлердің 40 пайызы аттестацияны аяқтады.
Бұл қазақстандық армиядағы офицерлердің білім, шеберлік және кәсіби деңгейінің айтарлықтай жоғары екенін білдіреді», - деді «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің басқармасы кадрлар бөлімінің бастығы подполковник Михаил Пичкарев. «Шығыс» өңірлік қолбасшылығында 1 600 офицер сынақтан өтетінін айта кеткен жөн. Аттестация бірнеше кезеңдер бойынша тапсыратын емтихандардан тұрады. Бірінші кезекте дене, атыс, кәсіби, саптық даярлықтардан сынақтар тапсырылады.
Негізгі басшылық құжаттарынан, сондай-ақ басқа да әскери тәртіп бойынша міндетті пәндерден білім деңгейі тексеріледі. Содан кейін әскери полиция өкілдері Қазақстанның сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасы бойынша білімін тексеріп, ал психологтар интелект, мінездегі өзін-өзі ұстай білуі мен қобалжу деңгейіне психологиялық тестілеу жүргізеді.
Естеріңізге сала кетсек, биылғы жылы Қарулы Күштердегі офицерлік корпустың жоспарлы аттестациясы 2015 жылдың 12 қаңтарынан басталып, 1 қарашаға дейін жалғасады. 2015 жылдың 12 қаңтары мен 1 маусымы аралығында батальондар (дивизиондар), бөлімдер командирлері мен олардың орынбасарлары лауазымдарында әскери қызмет өтеп жүрген офицерлер, сондай-ақ жеке мінез-құлқы бойынша қызметте айтарлықтай кемшіліктері бар офицерлер аттестациядан өтеді. Екінші кезең 2015 жылдың 1 маусымы мен 1 қарашасы аралығында қалған офицерлік құрам толық аттестациядан өтетін болады.
-
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
"Рухани жаңғыру": Елордада қазақ тіліне аударылған 100 оқулықтың таныстырылымы өтті -
Жамбыл облысы: Аурудың жоғары деңгейі облыстың барлық қаласы мен ауданында байқалуда -
Электронды коммерция: өңірлік және ішкі дамуды ынталандыру -
Сарапшы пікірі: "Газ бағасының өсуі - барлық шығынды есепке алғанда түк емес" -
Елордада «Адамзатқа қызмет ететін ғарыштық технологиялар» тақырыбында дөңгелек үстел өтті -
Рухани жаңғыру: Павлодар облысында фестиваль өтті -
«Рухани жаңғыру» өңірлік жобалық кеңселері қандай шаралар өткізіп жүр -
«Айбынды ардагерлер» акциясы өтті -
Елордада «Жеңіс салтанаты» концерт-спектаклі өтті
-
Ахмет Жұбановтың 115 жылдығына арналған концерт онлайн өтті -
Елордада Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс күніне арналған кездесу өтті -
Мәскеуде Қазақстан мен Ресей әріптестігінің 30 жылдығына орай конференция өтті -
Жамбылдағы кәсіпкерлер палатасының өңірлік кеңесіне дауыс беру басталды -
Нұр-Сұлтан қаласында «Құнанбай» спектаклінің премьерасы өтті