ҚР ТЖМ әлемдегі ең үлкен МИ-26 тікұшағын қолданысқа енгізді

12 Қазан, 2013 16:01
Қазақстанның ТЖМ тапсырысы бойынша «Тікұшақ сервис компаниясы» ААҚ екі МИ-26 көлік тікұшағын қалпына келтірді және жаңартты, деп ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінң баспасөз қызметі хабарлады.

2012 жылғы наурызда Новосибирск авиажөндеу зауытының авиациялық-техникалық мамандар тобы ҚР ТЖМ «Қазавиақұтқару» АҚ-ның инженерлерімен бірге тікұшақтарды жөндеуге жіберуге дайындық жұмысын жүргізді. 2012 жылғы мамырда оларды ұқсас тікұшақтың сыртқы ілгегіне іліп 20мыңнан астам шақырым арақашықтыққа тасымалдады.

Новосибирск қаласында МИ-26 тікұшағы күрделі жөндеуден өтті және заманауи пилотажды-навигациялық кешен және ауқымды құтқару операцияларын жүргізуге, атап айтқанда зардап шеккен адамдарды шағын алаң жағдайларында ұшу/қону мүмкіндігі бар  авария және апаттар орнынан шұғыл эвакуациялау; автокөлікті, арнайы техниканы, медициналық білімі бар медициналық бригадалар мен құтқарушыларды жеткізу; 14 тонна отын жеткізу және авариялар және апаттар орнында,  өрт сөндіру, оның ішінде жетуі қиын жану ошақтарында көлемі  15 текше метр штаттық аспалы   ыдысты пайдалану арқылы уақытша/далалық әуежайларды ұйымдастыру кезінде тікұшақ техникасына жанармай құю үшін беруді ұйымдастыруға мүмкіндік беретін    арнайы мақсаттағы жабдықпен жарақталды. 

2013 жылғы 12 қазанда бірінші тікұшақ жерге қонбай Новосибирск қаласынан Астанаға ұшты. Бұл Қазақстан Республикасының тарихындағы осы үлгідегі азаматтық авиацияда пайдалануға енгізілген  бірінші жағдай. 

МИ-26 – әлемдегі ірі сериялы көлік тікұшағы, оның есебінде ондаған әлемдік рекордтар және орындалған стандартқа сай емес міндеттері бар. Тікұшақ салмағы 20 тоннаға дейін ірі ауқымды жүктер мен техниканы тасымалдауға арналған. Фюзеляждың орталық бөлігі өзіне өлшемі 12,00 х 3,25 х (2,95-3,57) м жүк кабинасын және арқалық ұшына ауысатын артқы бөлігін қосады. 

Көлік-десант нұсқада тікұшаққа барлық жарағы бар 82 адам міне алады. Санитарлық нұсқада тікұшаққа 60-қа жуық аспалы зембілді орналастыруға болады. Жүк кабинасына ірі ауқымды жүктерді жүктеу үшін  ауырлығы 50 кг электр шығыры орналасқан. Сондай-ақ тікұшақ жүкті сыртқы ілгекке іліп тасымалдауға икемді.  

Тікұшақ ТЖМ құтқарушыларын десанттау, сондай-ақ іздеу-құтқару операцияларын өткізу үшін, атап айтқанда төтенше жағдайларды жою, үйінділерді тазарту, ауыр жабдықты тасымалдау және монтаждау, бөгеттерді салу және электр беру желілерін қалпына келтіру кезінде пайдаланылуы мүмкін. 

Бұл әлемдегі сегіз қалақты бұрандасы бар бірінші машина. Әрбір қалақтың ұзындығы 15 метр. Айналу жылдамдығы минутына 132 айналым. Оның бұрандасындағы әуе ағынының жылдамдығы сағатына 115 шақырым. Қалақтарының шеті берік титан жабынымен бекітілген. Бұранданың диаметрі 32 метр, оның көлемі қанат жайып тұрған Боинг 737 ұшағының көлеміне тең. 

 

 

 

Барлық жаңалықтар