- Басты
- Жаңалықтар
- Е.Сұлтанов: ҚХА-ның басты мақсаты – Президенттің реформаларын жүзеге асыруға қатысу
Е.Сұлтанов: ҚХА-ның басты мақсаты – Президенттің реформаларын жүзеге асыруға қатысу
Сессияға Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары, ҚР Президентi Әкiмшiлiгiнiң Қазақстан Халқы ассамблеясы хатшылығының меңгерушiсi Ералы Тоғжанов, облыстық, аудандық және ауылдық этномәдени бiрлестiктердiң, дiни конфессиялардың өкiлдерi, аудан әкiмдерi, мемлекеттiк органдардың басшылары, жастар қатысты, деп хабарлады облыс әкімдігі.
ҚХА сессиясының күн тәртiбiне екi мәселе шығарылды: Қазақстан Республикасының Президентi Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқы Ассамблеясының XXII сессиясында жүктеген тапсырмаларды жүзеге асыру мен СҚО Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасарын таңдау болды.
Сессияны ашқан СҚО Қазақстан халқы Ассамблеясының төрағасы Ерiк Сұлтанов Елбасы Ассамблея алдында жаңа мiндеттер қойғанын атап өттi.
Өңiр басшысы Ерiк Сұлтанов Қазақстан халқы Ассамблеясы жылы аясындағы облыста атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды. Сондай-ақ облыс әкiмi СҚО Қазақстан халқы Ассамблеясының бой көтеруiне өз үлесiн қосқан азаматтарға алғысын бiлдiрдi.
«Ел егемендiгiн алған күннен Елбасы тұрақтылықтың негiзi етiп — халықтың татулығын қойды. Осы жылдары құрылған Қазақстан халқы Ассамблеясы қоғамдық келiсiм мен бiрлiк институтына айналды. Этносаралық келiсiм мен татулықтың арқасында Қазақстанда экономикалық және әлеуметтiк-саяси реформалар табысты жүзеге асуда. Елбасы қарапайым адамға қажет бес халықтық реформаны ұсынды. Бiз асыл қазынамыз — бiрлiгiмiздi сақтай отыра осы бастамаларды жүзеге асыруымыз керек»,- дедi өңiр басшысы.
Өзге елдерге достықтың үлгiсiн көрсеткен бiрегей институттың елiмiздiң дамуы жолындағы маңызына тоқталған Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Ералы Тоғжанов ҚР Президентi атынан «Қазақстан халқы Ассамблеясына 20 жыл» мерейтойлық медалiмен СҚО Қазақстан халқы Ассамблеясының төрағасы, СҚО әкiмi Ерiк Сұлтанов пен 43 солтүстiкқазақстандықты марапаттады. Ел бiрлiгiн нығайтуға, мәдениетаралық диалогты дамытуға және қазақстандық патриотизмдi қалыптастыруға қосқан елеулi үлесi үшiн «Қазақстан халқы Ассамблеясының қоғамдық «Бiрлiк» алтын медалi» қоғамдық медалiмен « Кентрон» Солтүстiк Қазақстан облысы армян мәдени орталығы төрағасының орынбасары Роман Аракелов, Солтүстiк Қазақстан облыстық әзербайжан мәдениетi орталығының мүшесi Расул Дадашов марапатталды.
Сондай-ақ, СҚО әкiмi Ерiк Сұлтанов Солтүстiк Қазақстан облыстық мәслихаты қабылдаған шешiмiмен «Тайынша –Астық» ЖШС бас директоры Анатолий Рафальскийге және «Ұрпақ» қазақ мәдени-ағарту орталығының мүшесi Әлiмжан Мәжитовке «Солтүстiк Қазақстан облысының Құрметтi азаматы» атағын тапсырды.
Жылдағыдай ұлтаралық келiсiмдi нығайтуға, Солтүстiк Қазақстан облысында тұрып жатқан этностардың мәдениетiн, тiлiн, салт-дәстүрiн дамытуға қосқан үлестерi үшiн этномәдени бiрлестiктердiң жетекшiлерiне басшыларына облыс әкiмiнiң гранты табыс етiлдi.
Сондай-ақ, сессияда төрағасының этномәдени бiрлестiктерден Ассамблея орынбасары ауысты. Өңiр басшысы бұл лауазымға «Лад» славян мәдениетi қоғамдық бiрлестiгiнiң төрағасы Александр Курленяны сайлауды ұсынды. Қатысушылар ұсынылған кандидатураны бiрауыздан қолдады. Бұрын бұл лауазымды «Вайнах» шешен-ингуш қоғамдық бiрлестiгiнiң төрағасы Мұса Дадаев қызмет еттi.
Жиын соңында концерттiк бағдарлама ұсынылды.
-
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
Елордада «Рухани жаңғыру» аясында қандай жобалар жүзеге асуда -
«Ұлттық рухани жаңғыру» жобасы: бағыты, мақсаты мен міндеттері -
«Ауыл - Ел бесігі» жобасы:Ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсарту қалай жүзеге асырылады -
ҰЭМ: Ұлттық жобаларды жүзеге асыруға 15,9 трлн теңге көзделген -
Индустрияландыру картасы шеңберінде қандай жобалар жүзеге асып жатыр -
Тоқаев: Қазақстан медиа және креативті индустрия саласында бірлескен жобаларды іске асыруға дайын -
«Нұрлы жол» бағдарламасының жүзеге асуы -
Жолдау-2021: Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының жобасының бағыттары, жүзеге асуы