- Басты
- Жаңалықтар
- Ұлттық музейде 18 мамыр күні «Музейдегі түн» акциясы өтеді
Ұлттық музейде 18 мамыр күні «Музейдегі түн» акциясы өтеді
Акция 15 мамырда жастарға арналған флэшмобпен басталады. Шарада Қазақстанның қалыптасуы мен дамуы және еліміздегі музей ісінің өткені мен бүгіні туралы театрландырылған қойылым қойылады. Еліміздің барлық өңірін аралаған «Қазақстан халқы Ассамблеясы - 20 ізгі іс» эстафетасының нышаны – Тайқазан салтанатты түрде Ұлттық музейге табысталады. Сондай-ақ, «Қазақстан» телерадиокопорациясы музей қорына Ұлы Жеңістің 70 жылдығына арналған деректі фильмдер, басқа да құнды туындылар топтамасын сыйға тартады.
Ал 18 мамыр күні «Музейдегі түн» шарасына жиналған жұрт «Қазақ батырлары» атты арнайы театрландырылған экскурсияны тамашалап, әртүрлі тақырыптық көрмелерге куә болады. Сонымен қатар, сала мамандарының дәрістерін тыңдап, жауһар жәдігерлер мен тарихи артефактілерге қатысты бейнероликтер, деректі фильмдер тамашалап, викториналық ойындарға қатысады.
«Бұған қоса, М.Горький атындағы мемлекеттік академиялық орыс драма театры актерлерінің соғыс туралы спектаклін тамашалап, Л.Гумилев атындағы ЕҰУ студенттері мен магистранттарының «Алтын адам туралы аңыз» атты қойылымын көреді», - делінген хабарламада.
Акция аясында Қазақ хандығының 550 жылдығы мен Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына ерекше назар аударылады. Атаулы даталар интерактивті жобалар арқылы жан-жақты насихатталады.
Айта кетейік, 18 мамыр – Халықаралық музей күні әлем бойынша 1977 жылдан бері аталып өтіп келеді. Осы жылы Мәскеу мен Ленинград қалаларында өткен Халықаралық музейлер Кеңесінің 11-конференциясында халықаралық музей күнін атап өту жайлы ресми шешім қабылданған болатын.
Ал «Музейдегі түн» шарасы алғаш 1997 жылы Германияда «Lange Nacht der Museen» («Музейдегі ең ұзақ түн») деген атпен өткізілді. 2001 жылы бұл идеяны Париждегі Лувр музейі қолдап, кейіннен ол әлемнің көптеген музейлерінде дәстүрлі түрде өткізіле бастады. 2014 жылғы 2 шілдеде Елбасы Н.Назарбаевтың қатысуымен салтанатты түрде ашылған Қазақстан Республикасының Ұлттық музейінде «Музейдегі түн» халықаралық акциясы биыл тұңғыш рет ұйымдастырылып отыр.
-
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Ұлттық табиғи парктердегі құқық бұзушылық, маман тапшылығы және даму тұжырымдамасы -
III Нобель фестивалі: Екінші күнінің қорытындылары -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді -
«Мұқағали» фильмінің халықаралық премьерасы Таллинде өтеді -
«Ұлттық рухани жаңғыру» жобасы: бағыты, мақсаты мен міндеттері -
Елордада құтқарушылар күні атап өтілді -
АШМ: Ұлттық жобаның негізгі міндеттері мен импортты алмастыру мәселелері -
ҰЭМ: Ұлттық жобаларды жүзеге асыруға 15,9 трлн теңге көзделген -
Тәуелсіздікке 30 жыл: Ұлттық бірлікті нығайтудағы ҚХА рөлі -
Қарттар күні: Зейнеткерлерді әлеуметтік қолдау шаралары -
«Ақын» фильмінің әлемдік тұсаукесері Токиода өтеді