- Басты
- Жаңалықтар
- Елбасы кітапханасында оқушылар арасындағы ғылыми жобалар байқауларының жеңімпаздары марапатталды
Елбасы кітапханасында оқушылар арасындағы ғылыми жобалар байқауларының жеңімпаздары марапатталды
Бұл байқаулар былтырғы жылдың соңында Астана қаласы мектеп оқушыларының арасында жарияланды. Елбасы кітапханасының бастамасымен өткізілген конкурстарға ҚР Білім және Ғылым министрлігі, Астана қаласының Білім басқармасы, «Астана дарыны» аймақтық ғылыми-тәжірибелік орталығы қолдау білдірді.
«Мұндай конкурстардың басты мақсаты оқушылардың шығармашылық, танымдық, зерттеушілік белсенділігін ынталандыру, төл тарихына құрметін қалыптастыру болып табылады», - деді Елбасы кітапханасының атқарушы директоры Бейсембай Жұмабеков.
Байқауларға 8-10-сыныптардың 100 оқушысы қатысты. Қазылар алқасының қарауына оқушылардың жоғары білім деңгейін, креативтік ойларын көрсеткен көптеген жұмыстар ұсынылды. Финалдық кезеңге қатысу үшін 26 жоба іріктелініп алынды. «Украин тіліндегі түркілік», «Жастарға арналған қазақстандық әлеуметтік желілер», «Патриотизмнің жаңа құндылықты жолын қалыптастыру» - бұлар – оқушылардың зерттеу ісімен қаншалықты кең дүниетанымда айналысқанын көрсететін кейбір тақырыптар ғана.
Конкурс жеңімпаздары:І орын – «Жасыл экономикадағы туризм» жобасымен №38 мектептің 10-сынып оқушылары Камила Сембаева мен Елдар Бітібаев;ІІ орын екеу – «Астана – бірегей қала» жобасымен №69 мектептің 8-сынып оқушылары Айдана Әшірханова, Аяжан Байдүйсенова және «Жел қуатының қолданылуы» жобасымен №62 мектептің 8-сынып оқушылары Әйгерім Айсабекова, Мақсат Нұрмолда;ІІІ орын үш жұмысқа берілді:
Барлық жеңімпаздарға дипломдар мен естелік сыйлықтар, сондай-ақ Елбасы кітапханасы Баспа үйінің кітаптары табыс етіледі.
Сонымен қатар тағы 6 қатысушы «Белсенді қатысқаны үшін» сертификатымен марапатталды.
-
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
Жастар арасындағы суицид: Алдын алу шаралары -
Оқушыларға арналған президенттік олимпиада: Жеңімпаздар қандай сыйлыққа ие болады -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар -
Елордада «Рухани жаңғыру» аясында қандай жобалар жүзеге асуда -
«Startup Bolashaq» бизнес-жобалар байқауы: Жобаға қандай өзгерістер енгізілді -
ҰЭМ: Ұлттық жобаларды жүзеге асыруға 15,9 трлн теңге көзделген -
Шетелдік сарапшы: “Елбасы мен ел президентінің съезді өткізудегі еңбегін жоғары бағалаймын” -
Индустрияландыру картасы шеңберінде қандай жобалар жүзеге асып жатыр -
Екібастұз қаласының дамуы: инвестициялық жобалар, тұрғын үй, денсаулық сақтау және білім беру жүйелері -
Тоқаев: Қазақстан медиа және креативті индустрия саласында бірлескен жобаларды іске асыруға дайын -
Сарапшылар пікірі: Оқушылар мен студенттерге қандай дағдыларды дамыту қажет -
АХҚО олимпиада жеңімпаздары Қазақстан мен Ресейдің жетекші ЖОО-ларында білім алмақ