• Басты
  • Жаңалықтар
  • ШҚО-да болашақ заңгерлерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегия түсіндірілді

ШҚО-да болашақ заңгерлерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегия түсіндірілді

16 Мамыр, 2015 12:29
Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсыстратегиясын түсіндіру бойынша іс-шаралар жоспарының аясында ҚР Мемлекеттік қызметістері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің ШҚО бойынша Департаментіоблыстық білім беру басқармасымен бірлесе «Шығыс Қазақстан заң колледжінде» кездесу өткізді.

Жастар өздерінің болашақ мамандықтарымен байланысты, сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтары үшін жауапкершілікке тарту бойынша қылмыстық нормалар, жалпы сыбайлас жемқорлық ұғымы, оның алдын алуға бағытталған шаралар, мемлекеттік қызметке соның ішінде мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің департаментінен қызмет орналасу тәртібі туралы сауалдарын қойды.

Баяндамадан кейін қойылған сауалдар студенттердің сыбайлас жемқорлық сияқты әлеуметтік қатердіңалдын-алуға бағытталған азаматтық ұстанымдары бар екендігін байқатты. 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Барлық жаңалықтар