- Басты
- Жаңалықтар
- Алматыда Қазақстандағы мейіргер ісін реформалау мәселесі талқыланды
Алматыда Қазақстандағы мейіргер ісін реформалау мәселесі талқыланды
Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі хабарлағандай, ъезд жұмысына мейірбике ісінің мамандары, медициналық білім беру ұйымдарының, облыстар, Астана мен Алматы қалаларының денсаулық сақтау басқармаларының, ғылыми зерттеу институттарының, ұлттық орталықтардың, үкіметтік емес және халықаралық ұйымдардың өкілдері, Ресей, Финляндия, Литва, Қытай, Қырғызстан, Өзбекстан және Тәжікстаннан келген мамандар қатысты.
Съезд аясында «Қазақстанда мейіргер ісі саласын реформалауда тәжірибелік денсаулық сақтаудың рөлі» және «Орта кәсіптік білім беруді жаңарту, дуалды білім беру қағидаттарын енгізу. Қолданбалы бакалавриат бойынша пилоттық жобаны енгізу» тақырыптары бойынша 2 пленарлық отырыс және 2 секция өткізілді.
Съездің пленарлық отырысында мейіргер ісі саласын реформалау және халықаралық талаптарға сай жаңа формациядағы мейіргер ісі мамандарын даярлау арқылы Қазақстанның денсаулық сақтау жүйесінің тиімділігін арттыру мәселелері қарастырылды.
Бүгінгі таңда Қазақстанда 154 мыңнан астам мейіргер қызмет етуде, олардың ішінде 39% - ауылдық денсаулық сақтау жүйесінде жұмыс істейді. Медициналық құжаттама жүргізуде мейіргерлік технологияларды енгізу жұмыстары жалғасуда. Күндізгі стационар, хоспистер, үйде күтім жасау, консультациялық-диагностикалық қызметтер сияқты ауруханадан тыс көрсетілетін көмектің жаңа түрлерінде мейіргерлерді қатыстыру аясы кеңейтілуде. Отбасын жоспарлау кабинеттерінде мейіргерлердің профилактикалық жұмыс жүргізуде оң тәжірибесі қалыптасты.
Амбулаториялық-емханалық секторды жетілдіру, медиаицналық-санитариялық алғашқы көмек әлеуетін арттыру бағытында жүйелі жұмыстар атқарылуда. Штатқа әлеуметтік қызметкерлерді, учаскелік дәрігерлер үшін екінші мейіргер, жалпы тәжірибе дәрігерлері үшін үшінші мейіргер бөлу профилактикалық жұмыстың тиімділігін қамтамасыз етіп, медициналық-санитариялық алғашқы көмек ұйымдарында медициналық көмек сапасын арттыруға мүмкіндік береді.
Съезд жұмысының қорытындысында Қазақстанда халықаралық деңгейге бағытталған мейіргер ісі қызметін әрі қарай дамыту бойынша қарар қабылданды.
-
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
QAZFORUM: Интернет сайттардың міндеті, «Инфодемия» мәселесі және «Фактчекинг» талабы -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
А.Цой: «Салауатты ұлт» жобасы денсаулық сақтау жүйесін реформалауға мүмкіндік береді -
ДСМ: Дәрігерлер жалақысы, дәрі-дәрмекпен қамту және елдімекендердегі медкөмек мәселесі -
Алматыда мүмкіндігі шектеулі адамдарға қандай көмек көрсетіледі -
Алматыда мектептер мен балабақшалардың жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары -
Алматыда дәстүрлі форматта білім беруді ұйымдастыру қалай жүргізілуде -
Қазақстандағы банк секторының даму бағыты -
Тамыз кеңесі:Білім беруді дамытудың өзекті мәселелері талқыланды -
Алматыда тәулігіне 1500- ден астам адам коронавирус жұқтыруда -
Бекшин: Алматыда Covid-19-дың өршу шыңы 10-12 тамызда деп болжанып отыр -
Қазақстандағы эпиджағдай: Коронавирус жұқтырғандар саны 2 есеге өскен -
Қазақстандағы миграцияның негізгі тенденциялары