- Басты
- Жаңалықтар
- Ливанда екіжақты қарым-қатынастар талқыланды
Ливанда екіжақты қарым-қатынастар талқыланды
Кездесу барысында Д. Ембердиев сұхбаттасына Қазақстанда соңғы уақытта түрлі салаларда орын алған жаңалықтар туралы хабарлады. Тараптар ү.ж. 26 сәуірде өткен Президенттік сайлау қорытындыларына жеке тоқталды.
Жоғары лауазымды дипломат Ливан Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев басшылығындағы мемлекетіміздің түрлі салалардағы «әсерлі» жетістіктерін мұқият бақылап отыратынын атап өтті. У. Рхайми ел тұрғындарының сайлауға қатысуының жоғары пайызы Қазақстан халқының еліміздің жоғары басшылығының қызметі мен жүргізіп жатқан саясатына шексіз қолдау көрсетуінің дәлелі болып табылатындығын қосып айтты.
Сонымен қатар, Д. Ембердиев Алматы мен Бейжің 2022 жылғы Қысқы олимпиадалық ойындарын өткізу құқығы үшін Куала-Лумпур қаласында дауыс беру сайысына түсетіндігі туралы сөз қозғады. Қазақстандық дипломат Алматының географиялық тұрғыдан орналасқан жері мен табиғи көркемдігі, тұтастығы мен экологиялық тазалығы, Халықаралық олимпиада комитетінің талаптарына сәйкес спорт нысандары дайындығының жоғары деңгейі мен олардың қолайлы логистикалық орналасуы, сондай-ақ осындай кең ауқымды іс-шараны Қазақстанның оңтүстік астанасында ұйымдастыру бойынша іске асырылып отырған қаржылық және материалдық қаражаттардың тиімді жұмсалуы секілді айқын басымдылықтарына назар аударды. Аталған басымдылықтар Алматының Қысқы олимпиадалық ойындарының астанасы болуына септігін тигізуі мүмкін.
Д. Ембердиев Ливан тарапына ҚР барлық халықаралық бастамаларына қолдау көрсеткені үшін алғысын білдіріп, осы ретте де еліміздің халықаралық аренадағы дәстүрлі серіктестігі ретінде қолдайтындығына үміт білдірді.
-
Тамыз кеңесі:Білім беруді дамытудың өзекті мәселелері талқыланды -
Елордада ЖОО-лардағы білім сапасын арттыру мәселесі талқыланды -
Сайлау-2021: Жас жұбайлардың, аттылардың сайлауға қатысуы желіде қызу талқыланды
-
Үкімет отырысында су ресурстарын тиімді пайдалану мен үнемдеу мәселесі талқыланды -
Жоғары оқу орындарындағы білім сапасы талқыланды -
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жаңа әдіс-тәсілдер талқыланды -
БҚО-дағы ауыл әйелдерінің форумы: Ауылда кәсіп ашудың мүмкіндіктері талқыланды -
Қоқысты сұрыптау мәдениетін қалыптастыру мәселесі талқыланды -
Қашықтан оқытудағы сын-қатерлер талқыланды -
Бұқаралық спортты дамыту саласының проблемалары талқыланды -
Журналистерді даярлау: салалық журналистика, кадр тапшылығы, журналистік этика мәселесі талқыланды -
"Тамыз" кеңесі: мұғалімдердің жалақысы, қомақты сыйақысы және баспана мәселесі талқыланды -
Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларының қоқыстан ластану жағдайы талқыланды -
Мәжілісте ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға қатысты заң жобасы талқыланды -
Сенатта «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодекс жобасы талқыланды