- Басты
- Жаңалықтар
- ҚХА акциясының символы «Тайқазан» ҚР Ұлттық Музейіне тапсырылды
ҚХА акциясының символы «Тайқазан» ҚР Ұлттық Музейіне тапсырылды
Тайқазан Қазақстан халқы Ассамблеясы бастамасын көтерген игi iстердiң символына айналды.
«Берекенiң символындай болған, барлық өңiрдердi аралап қайтқан Тайқазан музейге тапсырылды. Музей бүгiнде қазақтың қара шаңырағына айналды деп айтуға барлық негiз бар. Өйткенi, бiздiң өткенiмiздi түгендеп, болашаққа деген сенiмдi ұялататын көптеген экспонаттарды осы музейден табуға болады», - дейдi ҚР Ұлттық музейiнiң директоры Дархан Мыңбай.
«ҚХА-20 ізгі іс» акциясы аясында 35 мың адамға көмек көрсетілді. 2500 шара өткізілді, оған 620 мың адам қатысты. Шара әлеуметтік аз қамтылғандарға, ҰОС ардагерлеріне, көпбалалы отбасыларға, балалар үйіне көмек көрсетуге бағытталған. Әлеуметтік акция барысында әлеуметтік-мәдени маңыздағы нысандар, салынып, қолданысқа берілді. 1000 көшет отырғызылып, өңірлерде патриоттық акциялар өткізілді. «ҚХА-20 ізгі іс» акциясы 2015 жылдың соңына дейін жалғасты.
«Осы күндер аралығында 35 мың адамға көмек көрсетілді, оларға 2 млрд теңге жиналды. 2500 шара өткізілді», - деді мерекелiк шарада ҚР Президентi жанындағы «Қоғамдық келiсiм» РММ директорының орынбасары Шаймұхамбетова Жанна.
«ҚХА-20 ізгі іс» акциясы барысында ҚХА мүшелері мен этномәдени ұйым өкілдеріне, Қарағанды облысында су тасқынынан зардап шеккендерге көмек көрсетілді. «Қарағанды облысына су тасқыны салдарынан зардап шеккендерге арналған қор» арнайы қорына 12 млн 400 мың теңге аударылды. 102 тонна гуманитарлық көмек жиналды.
Өз кезегінде шараны мерекелеу барысында музей алдындағы алаңда 300 адамның қатысуымен флешмоб ұйымдастырылды. Сондай-ақ, Қазақстаннның тарихы туралы және «Мәңгілік ел» идеясы туралы театрландырылған қойылым қойылды.
Индира Қауметова
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Ұлттық табиғи парктердегі құқық бұзушылық, маман тапшылығы және даму тұжырымдамасы -
«Ұлттық рухани жаңғыру» жобасы: бағыты, мақсаты мен міндеттері -
АШМ: Ұлттық жобаның негізгі міндеттері мен импортты алмастыру мәселелері -
ҰЭМ: Ұлттық жобаларды жүзеге асыруға 15,9 трлн теңге көзделген -
Тәуелсіздікке 30 жыл: Ұлттық бірлікті нығайтудағы ҚХА рөлі -
Жолдау-2021: Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының жобасының бағыттары, жүзеге асуы -
Қазақстанда жалпыұлттық халық санағы басталды -
Ұлттық қордың қаражаты: Кіріс пен шығын өлшемі -
ҚР-дағы жұмыс күшінің саны 2050 жылға қарай шамамен 11,4 млн адамды құрайды -
Студенттер жатақханасындағы орын тапшылығы: Мәселе қалай шешіліп жатыр -
ҚР энергетика саласы: Мұнай-газ саласы, жер қойнауын пайдалану және электр энергетикасы