- Басты
- Жаңалықтар
- Астанада жер ресурстарын басқару саласындағы заңнаманы жетілдіру мәселесі талқыланды
Астанада жер ресурстарын басқару саласындағы заңнаманы жетілдіру мәселесі талқыланды
Парламент Сенаты Төрағасының орынбасары Қайрат Ищанов талқыланып отырған тақырыптың ел экономикасы үшін аса маңызды екенін атап өтті.
Аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитетінің төрағасы Сергей Плотников өз сөзінде Қазақстанның әлемдік экономикаға белсенді енуі, оның бәсекеге қабілеттілігін арттыру, сондай-ақ еліміздің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету жер ресурстарын тиімді пайдалануға елеулі түрде байланысты екеніне назар аударды.
Бұл ретте сенатор жер қатынастары саласы бойынша экономиканың әлеуетін пайдалануда жаңа әдістерді қолданудың заңнамалық тұрғыда уақытында реттелуі алға қойылған міндеттерді шешуде ерекше маңызы бар екеніне тоқталды.
Жер көлемі бойынша Қазақстан әлемдегі ірі мемлекеттердің ондығына кіреді, ал жермен қамтамасыз ету деңгейі жан басына шаққанда Аустралия мен Канададан кейінгі әлемде үшінші орын алады. Ауыл шаруашылығына арналған жер ерекше құқыққа ие және осы сипаттағы жер көлемі еліміздің жер қорының құрамында 98,6 миллион гектар немесе еліміздің жалпы аумағының 36 пайызын құрайды.
Жеке және заңды тұлғаларға берілген жердің пайдаланылмауы ең көкейкесті мәселе болып отыр. Еліміздің ұлттық экономика министрлігінің ақпараты бойынша 2012-2014 жылдарда жүргізілген жерді түгендеу қорытындысы бойынша жалпы көлемі 92 миллион гектар ауыл шаруашылығы жерінің 7 миллионнан астамы пайдаланылмайтыны анықталды.
Осы саладағы өзекті мәселелерді шешу үшін ел Үкіметі:агроөнеркәсіп кешені субъектілерін мемлекеттік қолдаудың қолға алынған шараларымен қатар «Агробизнес - 2020» бағдарламасымен мемлекеттік қолдаудың жаңа шараларын жүзеге асыру;қазіргі заманғы агротехнология өндірісін енгізу, тұқым шаруашылығын дамыту арқылы ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімділігі мен өндірісін ұлғайту жөніндегі жұмыстарды жалғастыру;өсімдік шаруашылығында топыраққа аз өңдеу жүргізу арқылы шығынды қысқартуға негізделген ресурс жинақтағыш технологияларды қолдану, энергия үнемдегіш ауыл шаруашылығы машиналары мен агрегаттарының жаңа буынын қолдану;еліміздің Жер және Салық кодекстеріне жердің пайдаланылмағаны үшін жауаптылықты қатайту, жерді пайдаланбағаны үшін еріксіз алу тәртібін жетілдіру, теріс пиғылды меншік иелері мен жерді пайдаланушыларды тізімдеу туралы және басқа да өзгерістер енгізілді;ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерді тиімді пайдалану ережесіне тұқым себу айналымы мен агротехнологияны сақтай отырып, топырақтың құнарлылығын сақтау және арттыруға бағытталған міндетті шараларды көздейтін өзгерістер мен толықтырулар енгізіледі;тозған жерлерді зерттеу мен мониторинг жүргізудің қазіргі заманғы әдістерін енгізу шараларын қабылдады.
Дөңгелек үстел қорытындысы бойынша ауыл шаруашылығына арналған жерді пайдаланудағы өзекті мәселелерді шешу жөніндегі ұсыныстар қабылданды.
-
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
QAZFORUM: Интернет сайттардың міндеті, «Инфодемия» мәселесі және «Фактчекинг» талабы -
ДСМ: Дәрігерлер жалақысы, дәрі-дәрмекпен қамту және елдімекендердегі медкөмек мәселесі -
Жолдау-2021: Ғылым саласындағы негізгі өзгерістер -
Тамыз кеңесі:Білім беруді дамытудың өзекті мәселелері талқыланды -
Көмірсутек шикізаты бойынша жер қойнауын пайдалану саласының дамуы -
Ауыл әкімін сайлау – жергілікті басқарудың реформасы -
Көппәтерлі тұрғын үйлерді басқару: Қазақстанда 7 449 жаңа басқару нысаны құрылды -
ҚМ: Әскери ынтымақтастық, жауынгерлік дайындық және әскери білім беру мәселесі -
Edtech форумы: Білім беруде инновациялық технологияларды қолдану мәселесі талқыға түсті -
М.Әбенов: Жер тек жұмыс істеймін деген азаматқа ғана жалға берілу керек -
ҚР энергетика саласы: Мұнай-газ саласы, жер қойнауын пайдалану және электр энергетикасы