- Басты
- Жаңалықтар
- Суретші Болат Мекебаевтің «Елге оралу» көрмесінде әлем халықтарының өзіндік ерекшеліктері ұсынылды (ФОТО)
Суретші Болат Мекебаевтің «Елге оралу» көрмесінде әлем халықтарының өзіндік ерекшеліктері ұсынылды (ФОТО)
«Мен өзіммен бірге 28 картинамды алып келдім. Бұл су жаңа топтама, оны үш жыл бойы салдым. Олар бұған дейін ешбір жерде көрсетілмеген. Мен өзімнің отанымда – Қазақстанда көрменің ашылуын өткізгім келді. Бұл көрме алдымен Астанада, содан кейін Алматыда өткізілетін болады», - деді Б.Мекебаев.
Туындылардың авторының айтуынша, көрмеде қойылған картиналардың балдығы түрлі ұлттардың тарихының негізінде салынған.
«Мұның бәрін жүзеге асыру үшін көп зерттеу, іздену керек болды. Мысалы менде еврейлерге қатысты тақырып бар, картинаға иврит тілінде жазба жазылған. Мен бұл тілді мүлдем білмеймін, алайда маған еврейлермен тілдесіп, олардың тілін үйрендім. Мен араб тілін де білемін. Сол үшін мен, яғни жазу дұрыс жазылу үшін мен арабтармен кездесіп жүрдім. Неміс тілінде ежелгі рундардың құпяилары қозғалды. Бұның барлығы да символизмнің бағыттары, символикалық сәттер өте көп және оларды зерттеген дұрыс болар еді»,-дейді ойымен бөліскен суретші.
Оның сөзінше, бұл тақырып ол әр халықтың өзінің тарихы мен тыныс-тіршілігін көрсету үшін таңдаған.
«Өкінішке орай, бүгінгі замнада да бомбалар жарылып, адамдар мерт болуыда, кейбір елдердің жағдайлар тіпті қиын. Мен өзімнің еңбегімде әр халықтың өзінің тарихы мен өмір салты бар екендігін көрсеткім келді. Мен адамдардың бір-біріне жауласумен емес, достықпен сүйіспеншілікпен қатынас жасау қажеттігін көрсеткім келді»,-деп қосты ол.
Сонымен қатар Болат Мекембаевтың «Елге оралу» атты көрмесінде суретшінің картиналарының негізінде жібек орамалдардың коллекциясы қойылған.
«Ой мынадай болған: егер бір картина сатылып, музейге, галереяға қойылса немесе жеке қолға өтсе оған қол жеткізу мүмкін емес. Сол себепті мен орамалдарды көптеп шығаруды жөн көрдім. Әрбір картинаға мыңнан келеді. Бұл шектелген дүниелер. Бір адамның орнына оны мыңдаған адамдар тамашалай алады»,-деді ол.
Көрме 10 күнге созылады.
Анар Тәңірқұлова
Суретке түсірген Азамат Әлиев
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
Ірі салық төлеушілерді салықтық әкімшілендіру ерекшеліктері мен нәтижелері -
Елордада «COVID-19» хореографиялық қойылымы ұсынылды -
Елордада Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезі Хатшылығының отырысы өтіп жатыр -
Әлеуметтік жобаға өтінім қабылдау басталды: Мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
«Ақын» фильмінің әлемдік тұсаукесері Токиода өтеді -
COVID-19: Әлемнің қай елдерінде балаларға вакцина салуға рұқсат етілді -
«Astana Media Week»: Ковидтан кейінгі әлем және салдары -
А.Балаева: «Astana Media Week» - әлемдік медиа мамандарын біріктіретін жоба -
Өндірістегі жазатайым оқиғалардан болатын өлім-жітім 12,3%-ға төмендеді -
COVID-19: Әлемде халықты вакциналау қалай жүріп жатыр -
COVID: Әлемде вирус жұқтырғандар саны көбейіп, қайтыс болғандар көрсеткіші артты -
Аида Балаева: Пандемияның салдары әлем келбетін өзгертті