• Басты
  • Жаңалықтар
  • Астанада 2012 жылғы мемлекеттік органдардың қызметтерін бағалау қорытындысы талқыланады

Астанада 2012 жылғы мемлекеттік органдардың қызметтерін бағалау қорытындысы талқыланады

12 Қазан, 2013 17:25
16 қазанда Астанада 2012 жылғы мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін бағалау мәселелері мен әрі қарай Бағалау жүйесін жетілдіруге арналған III Халықаралық ғылыми-практикалық семинар- конференция өтеді, деп хабарлайды Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің баспасөз қызметі.

«Осы конференция шеңберінде 2012 жылдың бағалау қорытындылары жария етіледі, бағаланатын мемлекеттік органдар арасында көшбасшылармен аутсайдерлер анықталады, бағалау жүйесін одан әрі жетілдіру мәселелері талқыланады», - делінген хабарламада.

Конференцияға қатысуға шақырылған халықаралық сарапшылар халықаралық тәжірбие туралы сөз сөйлеп, мемлекеттік органдарды бағалауда алдыңғы қатарлы тәжірибелер жайлы айтып береді деп жоспарлануда.

Конференция Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігімен БҰҰ Даму бағдарламасының мемлекеттік қызмет көрсетулер сапасын бағалау және ұсыну жүйесін жетілдіруге арналған бірлескен жобасы шеңберінде өткізіледі.

Айта кету керек, 2010 жылдан бастап Қазақстанда жыл сайынғы Бағалау жүйесі барлық орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдарына алғаш рет енгізілді. Соңғы үш жылдағы бағалау қорытындалары көптеген мемлекеттік органдар қызметтерінің оң нәтижелерін көрсетуде және мемлкеттік органдар жұмысындағы негізгі мәселелерді анықтауға мүмкіндік берді.

 

 

 

 

 

Барлық жаңалықтар