- Басты
- Жаңалықтар
- Аустрия Қазақстанмен мұнай және газ саласында ынтымақтастық жүргізуге мүдделі – ҚР СІМ
Аустрия Қазақстанмен мұнай және газ саласында ынтымақтастық жүргізуге мүдделі – ҚР СІМ
Іс-шараның негізгі спикері ҚР энергетика вице-министрі Мағзум Мырзағалиев Қазақстанның мұнай және газ саласының дамуы және оған Еуразиялық экономикалық одақтың оң ықпал етуі, еліміздегі баламалы энергетика, мұнай химиясы және энергетикалық саясат салаларындағы жобалар туралы сөз сөйледі. Вице-министр қазақстан-аустрия ынтымақтастығының, атап айтқанда бірлескен кәсіпорындарды құру мүмкіндіктерін жеке атап өтті.
М. Мырзағалиевтың сөзі іс-шара қатысушылары, әсіресе Қазақстанмен жұмыс істеуге мүдделі аустриялық компаниялар арасында үлкен қызығушылық тудырды. Іс-шара қорытындысы бойынша, вице-министр М. Мырзағалиев жиырма шақты австриялық компаниялар өкілдерімен бейресми кездесу өткізіп, компаниялардың Казақстандағы жұмыс жоспарларын талқылады.
Сонымен бірге, іс-шара қатысушыларының алдында Аустрияның ЭЫДҰ және Женевадағы БҰҰ жанындағы бұрынғы Тұрақты өкілі Вольфганг Петрич және Аустрия-қазақстан қоғамынының атқарушы президенті Габриель Лански сөз сөйледі. Аустрия Парламентінің депутаты Кристина Муттонен іс-шараның құрметті қонағы болды.
Жалпы іс-шара аустриялық компаниялардың Қазақстанға тұрақты қызығушылығын және Аустрия-қазақстан қоғамынының екі ел арасындағы сауда-экономикалық байланыстардың дамыуына үлес қосатын алаң ретінде маңыздылығының арта түсуін көрсетті.
Сонымен қатар,вице-министр М. Мырзағалиевтың аустриялық мұнай компаниясы ОMV басқарма мүшесі Яп Хайскес және Bertsch Group компаниясының басқарушы директоры Хуберт Хаклмен кездесулері өтіп, компаниялардың Қазақстандағы ағымдағы жұмыс мәселері талқыланды.
-
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы -
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
ДСМ: Елдегі эпиджағдай, ревакцинация, Pfizer жеткізілімі және балаларды вакциналау